Жұма, 19 Сәуір 2024
Билік 5044 0 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 16:58

Болат Мажағұлов ҚР ПӘ Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениент және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2010 жылдың қараша айынан бастап елорданың Мәдениет басқармасына басшы болды», - деп жазылған елордалық Жастар театрының Facebook-тегі парақшасында.

Өз кезегінде қалалық Мәдениент және спорт басқармасының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып Ғани Сақтағанұлы Нығыметов тағайындалған болатын.

Abai.kz

0 пікір