Жұма, 19 Сәуір 2024
Саяси портрет 11925 9 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 16:22

Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетті. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды", - делінген Жарлықта.

Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда ОҚО облысы Киров ауылында дүниеге келген.

1996 жылы экономист-бухгалтер мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша мемлекеттік басқару неміс жоғарғы мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996-1997 жылдары Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті болып бастаған.

1999-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мемлектетік қызмет істері агенттігінің маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі, төрағасының орынбасары және төрағасы лауазымына дейін қызметтер атқарған.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

Ал, 2013 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Отбасылы. Екі баласы бар.. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін біледі.

Abai.kz

9 пікір