Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 3062 1 пікір 30 Шілде, 2019 сағат 09:05

Мемлекет басшысы Айдар Әріпхановты қабылдады

Қазақстан Президенті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады.

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Президентке «Бәйтерек» холдингінің «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, ШОБ-ты қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және «қарапайым заттар» экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590