Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Талқы 3927 19 пікір 29 Шілде, 2019 сағат 10:26

Қазақтардың діни сенімі кәміл ме?

Орыс әлемі ашқан ақпараттық соғыс тек бір ғана Украинаға емес, КСРО шекпенінен шыққан бұрынғы 14 одақтас республикаға бағытталып отыр. Соңғы кезде Орталық Азия елдеріне қарсы медияшабуыл үдей түсті.

«Живая Средняя Азия» деген арнайы ақпараттық блог қазақтарға қарсы түрлі құйтұрқыны ойлап тауып, өзгелердің санасын улауды мақсат етуде. Блог басшылығының соңғы ойлап тапқан сойқаны «Верующие ли люди казахи?» деп аталады. Әрі лағындық мәтін тізбегі бұрынғы қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың «Из женщин в мини-юбках не сделать смертников» деген афоромизмімен әсепеттеледі. Авторлардың көздегені де еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстігінің этникалық қазақтарын діни ұстаным негізінде бір-біріне қарсы айдап салу.

Қазір қазақтардың басым бөлігі дәстүрлі исламды ұстанғанымен араларында 40 мыңдай православ дініндегі қазақтар да, ескі көшпенділердің  шаманизмінен қол үзбегендер де ұшырасады. Қазақтардың православ болу себебі орыс халқымен ұзақ уақыт аралас-құраластықта болуынан, ал орыс тілді қазақтардың басым көпшілгі дәстүрлі исламнан гөрі жанына жұбанышты бабалар дінінен іздейді деп көлгірсудің артында не жатыр!?

Қазақтар исламды ең соңынан қабылдаған ұлт екен-мыс...

«Ислам они приняли, пожалуй, последними в мире. Если точнее, юг страны был знаком с этой верой с седой древности, а вот более северные роды окончательно перешли в нее уже под опекой Российской империи в 19 веке. Только суфии, которые презирали традиционный исламский закон и проповедовали свою собственную форму более мистической духовности, достигли популярности в Казахстане. Но и тогда казахи были менее религиозными, чем их оседлые соседи – как раз из-за кочевого образа жизни».

Кеңестер билікке келген соң, коммунистер дінді қудалауға ұшыратты. Нәтижесінде қазақтар дінсіз ұлтқа айнала жаздапты-мыс.

«Конечно, после получения независимости началось бурное возрождение ислама (правда, многие мечети и мусульманские школы строились за счет арабских стран). Но религиозность среди казахов невысока и больше относится к национальной традиции. Это, скорее, культурная идентичность. Я имею в виду, они мусульмане, потому что их предки были такими.

Например, женщин в хиджабах тут можно увидеть с тем же успехом, что и в США или Канаде. Причем, это будут почти исключительно пожилые тетеньки и чаще всего – казашки, приехавшие из Китая или Монголии».

Енді автор осылай деп құқылжытып келіп, өзінің көзімен көрген дүниесін жұртқа жария етеді.

«Наверное, все, кого я знаю, ничуть не отказывают себе в алкоголе. Свинину, правда, едят не так часто – считают ее чем-то для русских. Разве что, делают себе поблажку, потому что из нее вкусный шашлык.

Знаю несколько человек, которые соблюдали Рамадан, но, опять же, они были в меньшинстве».

Елді Солтүстік пен Оңтүстік қазақтарына бөліп, Исламды құбыжық көрсетудің артында не жатыр? Оны өзіңіз де байқай аласыз. Мақала орыс тілді қандастарымызды діннен безуге үндеуді көздейді. Әрі арыдан ойламайтын жан автордың әзәзілдігінің тұзағына түсіп те қалуы кәдік.

«В обществе существует глубокий страх в отношение того типа ислама, который практикуют на Ближнем Востоке. Тут побаиваются мужчин с бородами, а хиджабоносительниц считают опасными. Такая ситуация характерна даже для юга страны, где казахи составляют большинство. Конечно, люди тут более верующие, но и они гораздо либеральней, чем в иных мусульманских странах.

Вообще, не надо смешивать традиции какого-либо народа и исламскую веру. Что значит быть религиозным? Взять 4 жены? Или ходить с длинной бородой? Или покрывать все тело черной одеждой? Или делать женщинам обрезание?»

Автор өз былжырағына өзі сеніп айды аспанға шығарып, тіпті әйелдерді де сүндетке отырғызып тастайды. Бұның бәрі өзге халықтардың дәстүрі болғандықтан қазақтар оны ұстанғысы келмейді деген түйіндеулер жасайды.

Әрі Ата заңымызда жазылған дін ұстану бостандығын тәрк етіп, «Само государство следит, чтобы арабские обычаи (часто не имеющие никакого отношения к исламу) не замещали аналогичные культурные особенности мусульман Казахстана. Да о побаиваются бывшие члены компартии салафизма – той ветви ислама, которая по всему миру отмечена исключительно религиозным экстремизмом» деген татыусыз ойын қосанжарлайды.

Түйін. Оңтүстік пен Солтүстіктің діни ұстанымы әрқилы деген сандыраққа елді сендіруге тырысудың артында көп нәрсе жатыр. Дінге сызат түсіруге тырысушылардың әр қадамын бағып отырғанымыз ләзім. ҚМДБ осындай дінге шабуылға қарсы РФ ресми нота жіберуді жолға қоятын кезі келген секілді.

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

19 пікір