Жұма, 19 Сәуір 2024
Абай.tv 7990 2 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 15:30

Арыстағы жарылыс туралы фильм

Әлеуметтік желілерде Арыстағы жарылыстың бірінші сын сағаттары туралы фильм жарияланды.

Фильмнің сюжеті Арыс қаласындағы әскери қоймаларда болған  жарылыстың салдарынан халықтың бастан кешірген қиын сәттерін бейнелейді.

Бейне-материалда ата қоныстарынан кетуге мәжбүр болған қала тұрғындары өз қайғыларымен бөлісті. Ал әскери өрт сөндірушілер апат орнында өртті қалай ауыздықтағанын, туған-туыстарын іздеп жанұшырғанын айтады.

Міне Арыстағы апаттың болғанына тура бір ай өтті. Орын алған оқиға дүйім жұртты біріктіріп, ел бірлігінің бекем екенін аңғартты.

Abai.kz

2 пікір