Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3695 1 пікір 25 Шілде, 2019 сағат 12:34

38 миллион қайда, әкімдер?

Амандық Баталов, Рыскелді Сатбаев, мына суреттегі көше - сіздер қызмет етіп отырған аймақтағы Алматы облысы Талғар ауданы Бірлік ауылының Мәншүк Мәметова көшесі. Екі мектеп орналасқан, мыңдаған халқыңыз жүретін орталық көше. 13 жылда бір рет жөнделгенін көрмедім, ойқы-шойқы, жазда су алып, қыста қар үйіліп қалатын соры қалың көше. Биыл ғана аудан әкімдігінің ресми сайтында осы көшені жөндеуге 38 миллион 200 мың теңге бөлінгені хабарланған.

Бүгін таңертең көшенің жиырма шақты жері шұқыланып қалғанын байқадым, оған енді сол 38 миллионды "құйғалы" жатқандарыңызды түсіндім. Осы елдің азаматы, салық төлеушісі ретінде шағын ғана көшенің мынандай "жөндеуіне" 100 мың долларды қалай жұмсағалы отырғандарыңызды түсіндіруді талап етемін.

P.S. Президент Қасымжомарт Тоқаевтың әкімдердің әлеуметтік желіде тұрғындар сұрағына жауап беруін міндеттегенін де ұмытпаған шығарсыздар деп сенемін.
Ал, Алик Шпекбаев мырза, Сізден мына жағдайды жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!

Қасым Аманжолдың facebook парақшасынан

Abai.kz

1 пікір