Жұма, 29 Наурыз 2024
Әкім мен халық 5029 26 пікір 23 Шілде, 2019 сағат 11:15

Бұл Президент сынын халыққа естіртпеудің амалы ма, Архимед мырза?

Ақиқаты мынау. Қостанай облысы еліміздің басқа өңірлері секілді облыстың жаңалықтарынан ғана емес, сондай-ақ мемлекетіміздің басшысының сөйлеген сөздерінен туындайтын қазіргі жағдай мен алдағы міндетер жайлы дер кезінде біліп отыруға міндетті. Алайда билік басындағы біздің елдің идеологиясының тұтқасын ұстап отырған жандардың пікірі басқаша секілді.

Олар үшін «әр облыстың өз проблемалары жеткілікті, ендеше оларға енді елдегі маңызды дүниелерді айтып, несіне басын ауыртамыз» деген ұстам аса тиімді секілді. Мұның өзі билік басына жаңа ғана келген Президенттің ұстанған саясатын халыққа жеткізуге деген қарсылық емес пе деген ойға жетелейтіндігі сөзсіз.

Фактіге жүгінелік. Осы айдың 15-і күні Президентіміз үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізгендігі белгілі. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы қазіргі таңдағы аса өткір мәселелерге арнайы тоқталып, өрескел кемшіліктердің бетін ашты.

Бір қызығы, оның осы бас қосуда еліміздің бүгінгі хал-ахуалын жан-жақты сараптаған сөздерінің толық мәтіні облысымыздағы бюджеттен қаржыландырылатын екі газет пен бір телекомпаниядан тіпті де берілген жоқ. Облыс жұртшылығы осынау маңызды жайттан мүлдем бейхабар қалды. Демек, газетке жазылушылардың өздерінің жан-жақты, толық ақпарат алу құқығынан айырылды десек, артық айтқандық болмас. Сонда мұны қалай түсіндік?

Біз «осы басылымдар Президенттің сөзін арнайы баспай отыр» деп айыптаудан аулақпыз. Бюджетке алақан жайып отырған соң, әрине құрылтайшысына қарап жалтақтайды. Олар, әрине, өздеріне ұнай қоймайтын материалдарды «баса беріңдер» деп айтпасы белгілі. Басымыздан өткен жағдай ғой, несіне жасырайық. Алайда біздің жұмыс істеген кезімізде сәл басқалау болатын. Ол тұста Президенттің әрбір сөйлеген сөзін «Қазақпарат» агенттігі орысша айтылған жерлерінің тігісін жатқызып, жақсылап аударып, қоятын. Газет редакциялары оны электронды пошта арқылы алып, ізін суытпай, келесі күні-ақ, еш жерін өзгертпестен газетте жарқ еткізетін, Қазір сірә бұл «дәстүр» мүлдем ескірген тәрізді. «Қазақпарат» енді мұнымен айналыспайтын секілді. Ал ондайды қадағалап отыратын тиісті мемлекеттік мекемелердің бұл жағдайды дұрыстауға қолдары тимей жатқан тәрізді.

Мүмкін, бар мәселе осы отырыста облысымыздың әкімі Архимед Мұқанбетовке қарата айтылған біраз өткір сында жатқан да болар. Ендеше, журналист ретіндегі міндетіміз - халықты қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге септігімізді тигізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтында жарияланған «Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіндегі» облысымыздың әкіміне айтылған сынды толық келтіре кетелік. Қазақша толық мәтінді еш жерде кездестіре алмағандықтан Президенттің ескертуін сол қалпында беруге мәжбүрміз. Қасым-Жомарт Кемелұлы бюджет қаржысын тиімді пайдалану қажекттігін айта келе:  «Другой пример – в г. Костанае реализуется проект по строительству с участием государства Ледового дворца на 4,5 млрд. тенге при наличии в городе недавно реконструированного аналогичного объекта.

При этом в области имеются проблемы водоснабжения сёл, аварийных водоочистных сооружений, малокомплектных школ, моногородов и другие.

Это вопрос приоритетности выделения бюджетных средств. Прежде всего они должны выделяться на решение насущных проблем народа»,- деген болатын.

Міне, осы сөздер мұндағы халықтың құлағына жетпеді. Облыс әкімінің алдына қойылған келелі мәселелерден мүлдем хабарсыз қалды. Бір қызығы, бұл жайды халыққа айтуға Архимед те асыққан жоқ. «Жұртшылықпен тікелей байланыс жасаймын, сөйтін халықа біртабан жақын боламын» деген жақсы оймен ашылған өзінің «Интраграмында» да ештеңе айтпады. Осы мәселе жайлы сұрақ қойған, өздерін тәуелсізбін деп санайтын  «Наша газета» басылымының журналисі Галина Катковаға  де жауап қайтарылмады.

Аталмыш отырыстан соң, іле-шала өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында да бұл тарқатылып айтылмады. Яғни, бізде бәрі де «жабулы қазан жабулы» күйінде, «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деген тамаша әдіспен еш уайым-қайғысыз өмір сүріп келеміз.

Сонда бұл қандай саясат? Баяғы бәрін де халықтан жасырын ұстау тәрізді «игі дәстүрдің» одан әрі жалғастырудың қадірсіз қасиеті ме? Мүмкін, бұған тиісті министрлік жауап қайтарар?

Айтпақшы, біздің Архимед бір кезде басшылық жасаған Ақтөбе облысында Президенттің сөйлеген сөзінде облысқа қатысты сын-пікірлерді талқылауға арналған арнайы жиын өтті. Мұны аз десеңіз, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәселенің ізін суытпай «Время» гезтіне  Президент сынаған жеңіл рельсті көлік құрылысына жұмсалған мол қаржыыны қалай мемлекетке қайтаратындығын тәптіштеп түсіндіріп берді. Ал біздің Архимед әлі үнсіз.

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

 

26 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616