Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 3382 7 пікір 23 Шілде, 2019 сағат 10:27

ВВС Шыңжаңда мұсылман балаларды "тәрбиелейтін" мектептердің барын анықтады

ВВС зерттеу жүргізіп, Шыңжаңда мұсылман балаларды діні, тілі, ата-анасынан ажырататын мектептердің барын анықтады. Телеарна кешеден бері осы экслюзив зерттеуін көрсетіп жатыр. Зерттеуден ұққаным:

*Шыңжаңда балаларға арналған мектептер мен балабақшалардың жыл сайын көбейіп келді. Қытайдың басқа аймақтарында балабақша мен мектептер саны 8 пайызға өссе, Шыңжаңда 98 пайызға көбейген.

*Шыңжаңдағы мектептерде саяси лагерьлерге қамалған мұсылмандардың балалары “тәрбиеленеді”.

*Мектеп/балабақшада тек қытайша сөйлеу керек.

*Қытай билігі Шыңжаңдағы бұл мектептер мен балабақшаларды “елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті қалыптастырудың алғышарты” және “балалардың ата-анасын алмастыратын орын” деп санайды.

Руслан Меделбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

7 пікір