Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әдебиет 4036 5 пікір 23 Шілде, 2019 сағат 10:09

Көкбөрі Мүбарак. Мамыр

(Ян Вермеерді қазақша толғау)

Қартаярдан аз бұрын тасбақа қызбен жолықтым. Ол сұлулардың ең сұлуы еді.

Ол кезде ол әлдебір сүтханада бақбақ малынған сүт ұрттап отырған болар... тосын жолығыстым...алакөлеңке сүтхана ішінде қабағым түйіліп оған сәлем бердім. Менде қабағымды түйейін деген ой болған жоқ. Сүтхана ішінде тірнек деген тікенек өсімдік оның орындығына жақын өсіп тұр. Есім айналғанда сол тікенек дәу бұтаға шапанымды іліппін. Оған ілмеңіз деді. Көзі жасаурап тұр. Шапанымды жұлып алып оған үңілдім.

- не болды, айнам?

- сіздің көзіңіз маған мөлдіреп кетті!...

- э, қарғам, кешір, кейде тосын мөлдір!...

Ыстық сүт келді жаңаланып.

- сіз мұнда қайдан жүрсіз?

- сенің көзіңнің мөлдірлігін үйдегі бір кітаптің бетінен көргендей болам. Бірақ, ешкім кітап бетіне мөлтілдетіп салып жүрмейді ғой. Дәп, (басын ұстады) бізде әдемі тана бар, көзі кісідей мөлдір.

- ...

- менің шапанымды қарашы.

Шапанын төңкеріп ішін көрсетті. Қобыраған шапанының ішкі жүндері бұйра-бұйра көкше сурет сияқты. Тасбақа қыз болса осындай көк бұйра көріністі артына қойдырып көзі мөлдіреп суретін салдырған еді ғой.

- мұндай шапанды қайдан таптыңыз?

Бір қолын иегіне жақын көтеріп отыр.

- біз таныспадық- ау!...

- ия, сізбен танысатын сияқтымын.

- туған жеріңде тұман көп түсеме?

- ия!

- тұманды жердің адамдары үйірсек, тосын танығыш, адал ...

- сізді туған жерімнен көргендей шырамыттым.

- сені тігінші апайдың қасынан көрген сияқтымын. Бір көмекші қыз отыратын ... нәзік...

- сіз онда көп мән бермегенсіз. Мен сізді шапанын тіктірсе ғой деп зарыққам.

- айнам!

Сүт балқаштанып еміренді. будақ қағады жаңа сүт.

- аға, сіз сурет салумен айналысасыз ба?

-ия, сенің салынған суретіңді көрдім. Жиен ағаң салған ба сүт таситын балалар берген дерек бойынша?

- ия, салған!

- мен сені салу үшін іздеп жүрмін.

-қашаннан бері?

-кешеден.

Ойыма сенің бейнең қаплыста жаңғырып түсті. Бірақ, осы бейнеңмен жолығысарыңды білсем де, тігінші апайдың көмекшісі екеніңді білгем жоқ.

-ауыр емес пе?

-ауыр емес , айтқанымды орында.

Қолын бұлғады. Сүт таситын қызыл бет бала жүгіріп келгені сол, бетінен иіскеп қойынына қарай жармақ жүгіртті.

Сүтші қыздың суреті бір екі апта салынған. Алсары тігін шапанын шештірмеген. Көк орамал, сары жемелегін де ауыстырмаған жудырмаған.

Бір рет сүтші қыз үстіне түгел сүт шашырап тозыңқырап кіріп келді.

- ең сүйіністі шағың осы болды. Қолындағы кітабін алып үстел үстіне еппен жылжытып, маңдайынан иіскеді.

Жымиып суретін салуға дайындалған.

Сүтші қыздың көлкілдеген жеңіне жасырып тұрған жармақ салған дорбасын кібіртіктей басып келіп үстел бетіне қойды.

Суретші мешиіп аз-кем тұрған.

- салдырғың келмегені ме?

- қашан бітеді?

Қыздың көзі жасаурап тұр.

Суретші орнынан тұрып оның құлағының түбінен сүйді. Ол тітіркеніп жиркенгендей де сезімде.

- әр күні құлағыңа інжу сырға іліп екемізге ортақ туындыны жазып келемін. Бастағалы он бес күн болса да әлі сәтті болмады.

- міне, бұл да сәтсіз!

Қолына өткен жолы біткен туындыны бүгін ғана дағдарып ұстатьы. Жүзі бозарып, құлағын бірден тесіп інжу сырға ілген, жылатып қойып салғаны сол еді. Тұңғиық бір қаланың жамалы бір қыздың жасаураған жанарына тығылып ұрланып қарап тұрғандай күй кешті, демі сығылып барып орнына келді.

- о, менің тасбақам, жайбасарым, бұраң белім!

Енді міне қардай шашыраған сүт көйлегің ішінде әсем болып тұрсың.

Бұйра шашын артына бір сілкіп қалды суретші, қасқайып жымиып тұр.

- қыздың қос құлағы да інжуге толып тұруы керек еді.

Қыз қағазбен жабылған тас кеседегі шоқтың қағазды жемтірлей өртеп бара жатқанын, ол жерде теспе иненің жататынын сезіп жүрегі бірден тілініп үлгерді.

Суретші тым даяр.

- жо, жо, жоқ!

Қыз тартына бергені сол суретші инені мүлде тесілмеген сол құлағының түбіне қадап қалды. Сырғалығына ілініп кеткенін сезді, бар жаны да құлағына ілмеленіп бұлқына алмай, қорғансызданып дәрмен көрсетуге шарасызданды. Айхайсыз... қыз қыңсылап жылады... ауыртып тесіп барады... суреттен кейін жүрегіне мөлтек жалқақ түсті. Түн мағынасызданды, тау күңіренді.

Екеуі бір- бірін сүйді. Бірақ, құшақ айқастырып көрмеген. Суретшінің сағатының жиегіне тағып алған мазасыз ұсақ қоңырау тас шыңғырлайды.

...

Қыз оның қазасына келген жоқ. Сүйгенім үшін болды деп ойлады қыз... суретші түсінді. Өмірден өтіп бара жатыр. Қолына қалам алып төбені көк жауһар бояулармен сыпыра өңдеп тастағысы келген. Дәрменсіз... қыз жоқ, үн жоқ...

Дүние тым- тырыс. Үйдің төбесінде жұлдыздар домалап жүрген болар. Қолындағы сағатына тағып алған қоңырау соңғы рет шылдырлады.

Қыз сол түні ұйықтамады. Әрине жанында емес ... үнсіз ыңылдап жылап жоқтау айтып отырды. Таңға таяу дулыға басы дүм болып ісініп кеткен- ау! Нағыз жылады. Суреттегідей жылады. Төбеде түрлі жұлдыздар ұшады. Ұсақ ақ, қызғылт, сары... төртбұрш па, кім білген ... әйтеу анау біреуі жарық. Делфт даласы арбалардың доңғалағы астында доңғалайды. Қаралы хабар жетті.

- Ер Аттилам-ай!,- деп күрсінді.

Сол түні тәңертең Делфт басқа түске енді. Күн нұры күндегіден күлгіндеу, ақ күлгіннің өзі. Бір әйел ыңылдап зарлайды. Қайыршы әйел болар. Мұрнына суретшінің исі таяу жерден жетеді. Жүгіріп барып сүт құмыралары қойылған қалқашаның артын шты. Ештеңе жоқ екен ... жүрегі жүдеу. Қолына "Аттила жайлы аңыз-жырларды" алып оқи бастады:

Құдай қамшы бергенде,

Жауһарланған қолыңа...

Ақ жұлдыз түсіп соңыңа,

Ажалың ертті тәңертең ...

...

Қыз бұл қаладан жоғалған. Венециялық байға күйеуге шықты. Жолы болды деуге болама, бірақ қыздың таңданысқа енбегенін өзім де сезім тұспалдаймын.

Бүгін тұңғыш сәбиі дүниеге келгеніне бір апта. Сәбидің ыңылы суретшінің шеберханасындағы тымықтықпен үндесіп тұр. Венеция сурет бояуындай былқылдайды. Қайықтар былқыл қағып жорғалайды.

Күйеуі тұр.

-таныссақ болама?

-неге болмасқа, терезеден кереуеттегі сәбиіне қарап бұрылды.

-құшақ айқастырып таныссақ қалай ?

-құшақ ауырлау!...

-сені бұрын тігнші апайдың қасынан көрдім бе?

-мен тек өңімді бояумен өріп тіккен суретшіні ғана көргенмін.

Байы мұңайып қалды.

- оның мүсіні орнатылды. сені соған ертіп барайын.

Жүрегі атқалақтап кетті.

- ол мүсіннен көрі, сенің құшағың тартымдылау!..

- араларыңда еш махаббат болмағаны ғой?

- біз оның бұқарасымыз. Мың кейіпкерінің бірімін. Шығарма үшін сүйуі мүмкін мені...

-а, солай ма?

Шкапқа сүйеніп мелшиіп қалды.

-и-ия!

Суретшінің сағатының жиегіне тағып алған мазасыз ұсақ қоңырау тас шыңғырлайды.

...

- мүсін әсем емес .

Байы мүсінді қыздың көргенін біліп сәл кешігіп айтқанына өкінгендей болды-ау!...

-неге, мен де қаржы қостым.

-ол кісінің қолында кішкене қоңырауы бар сағаты болатын. Адамды ең таңдандырып сағыныш салатыны сол...

-мен сағынышқа айнала аламын ба?

-сіз мені ғана сүйесіз. Ол бізден жоғары дүниені сүйеді. Маған сезім бермегенін жек көрсем де...

- түбінде біздің сүйем деуіміз қаңсық па?

- сізді сыйлаймын. Менің қорғаным, алтын періштемсің.

-ендеше?

- оның нағыз туындысы қайда кеткенін білмейдім, ол өзі де айтқан емес. Сол үшін алаңдаймын. Ең қасиетті шығармасында менің сүт жауған кір көйлегім айқын танылатын.

- сонымен ші?

- жұрт көрген сурет оның өзі ортанқол санайтыны болды.

Қыз біраз жерге барып қалғанын енді сезіп қымсынардай болып еді, жүрегінде шер тұр екен. Осы күйінен жаза алмады.

- екеуі де бірдей, екеуінде де сен бар?

Қыз ыңғайсызданып төмен салбырады.

Тағы да қорғансыз сезінді өзін.

Жігіт еркінен тыс жұдырығының түйіліп алғанын сезседе жеңінің ішіне жасырып, қатайған жақ сүйегін босаңсытты. Қыз теріс қарап тұрған сол беті. Сезбесе екен деді.

- оған бірнеше күн жолдас болсам қарайып сусын құйып жүрсем де жары болып жанында, ол ұзақ жасар еді. Және сүйуді үйренер еді...

- ...

- тек сүймедің демесем де... өнерді ғана сүйсе де...

Жігіт орындықты жұлқып қалды. Шамырқанғаны. Бөбегім оянып кетеме деп алаңдап көзі бағжиып орнына келген. Уылжыр, әлсіз бөбек тыңдай алып жатыр ма?

...

Бас салып құшақтады.

-оның құшағы суық жан жұбанышым. Бірақ мені құшақтап көрген жоқ, сезем солай. Бірақ білесіз бе біздің ең соңында құшақтап сүйіп жататын жеріміз табыт. Өлім қанша суық болғанымен сұлу. Ол да солай. Мен оның бауырында жылынғым келетін... Қыстығып жылап жіберді.

- тоқтап қал жаным, табыттың бауырында қалай жылынбақсың?

-табытта ең ыстық жылу бар. Қабырғаларына көміліп қалған. Сипасам сол жылуды шығарарыма сенгем.

- қайран суретші!

Ол мұны кекеп әрі жаны ашып айтты.

Төбеде жұлдыздар дөңгелеп жүрген болар.

Венецияның түні суық. Ері шарап ішіп кетті. Сәбиі санада жұлдыздай домалап дедек қағуда . Тың өмір, ыстық, балғын, шуақты...

- сен аман бол құлыным!

Көзі жасаурады. Суретші қабырғадан қарап тұр. Мүмкін елес...

Көкпеңбек жейде киіп алған...

Төбеде жұлдыздар бұлттармен бірге тағы бір рет долданды.

Кешінде сыңыр- сыңыр етіп қол сағатына қоңырау таққан күйеуі жарық шығаратын қызыл маржандарымен қоса уыстап келе жатты...

Мамырда бәрін де сүйуге болады.

Көкбөрі Мүбарак

Abai.kz

5 пікір