Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2353 0 пікір 22 Шілде, 2019 сағат 16:00

«Бұл жерге консультациялық көмек көрсету үшін келдік»

Шетін оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арысқа арнайы барып, ондағы ахуалды өз көзімен көріп, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма бергенін хабарлап айтқан едік.

Қазір Арыста қайта қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қазақстанның 17 өңірі қаланы 17 секторға бөліп, құрылыс бастап кеткен еді.

Ал ҚР Қорғаныс министрлігі жарылыс зардаптарын жою мен қауіпті жарылғыш заттарды утилизациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл үшін арнайы Ресейден мамандар шақыртылыпты. РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Алексей Зотов Арыстағы утилизациялау жұмыстары туралы пікір білдірді.

Алексей Зотов, РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі:

- Бұл жерге Ресей делегациясы құрамында жарылыс салдарын жою кезінде минадан тазарту мәселелерінде консультациялық көмек көрсету үшін келдік.

Елді мекендегі залал ауқымы осы арсеналда қызмет өткеретін әскерилердің, өрт сөндіру есептоптарының уақтылы әрекет етуінің арқасында осындағы оқ-дәрілер мөлшерімен салыстырғанда барынша төмен.

Жарылғыш заттар, оқ-дәрілер сақталатын жерде жарылыстар болып тұрады, одан ешкім сақтандырылмаған.

Біріншіден, қала, маңындағы елді мекен таза. Өте ауқымды жұмыс жүргізілген. Шын мәнінде, бұл жерде ауа райы температурасына қарамастан, тікелей жағдайда ауқымды жұмыс жүргізілген.

Біріншіден, осы жерде қызмет өткеретін адамдардың оқ-дәрілерді сақтауды ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі.

Тек осының арқасында арсеналдың екінші алаңы жарылысқа ұшыраған жоқ. Бұл жерде сақтауда тұрған оқ-дәрілер мөлшеріне қарағанда, жарылыс салдары өте төмен.

Бұл жердегі жұмыс ұйымдастыру мәселелерінен бастап жеке құрамның тікелей орындауды аяқтаумен кәсіби шеберлікпен істелуде. Тиісінше бүгін эксперименттік жаруды жүргіздік. Осы жұмысқа Қазақстан Республикасы инженерлік әскерлерінің бастығы басшылық етті. Осы жұмыс инженерлік әскерлер мамандары есептерінің дұрыс екенін тағы да растады.

Біз бұл жерде көргеніміз, біздің ақпаратымыз бойынша төтенше жағдай аймағы болып табылатын қаланың сыртқы периметрі бойынша тазартуды жеке құрам, яғни инженерлік әскерлер төрт күнде жасап шыққан.
Әрине, ,бұл тек кәсіби шебер әскери қызметшілердің ғана қолынан келетін ауқымды жұмыс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511