Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 3497 11 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 12:26

Тоқаевтың премьер-министр тұсындағы қабылдаған Қаулысы...

Қ.Тоқаевты мақтап жатқандар көп. Олармен жарысқа түсуден аулақпын. Жалпы жағымпаздықты суханым сүймейді.

Осыдан оншақты жыл бұрын бір мақала жаздым. Тоқаевтың премьер-министр тұсындағы қабылдаған Қаулысы туралы. Əлгі Қаулының мəні - сырттан біздің елге енгізілетін əрбір тауардың сыртқы ярлыктары мен нұсқаулықтары қазақ тілінде жазылуы керек. Егер қазақша мəтіні болмаса ондай зат шекарадан өткізілмейді жəне өтіп кетсе сауда орындарында контрбандалық тауар ретінде танылады. Қысқасы, осы!

Осы Қаулының игі ықпалы керемет болды. Көрші Ресей мен Қытайдың кəсіпкерлері қазақшаны қолға алды. Қылаяғы Шадрин сүт зауытының өзі қалбырының сыртына "Сүт" деп үлкен əріппен əшекей жасап, құрамын қазақша жазып көрсетті. Азық-түліктен бастап барлық тұтыну тауарлары қазақшаланды. Ол тұста Тоқаевтың бұл ісіне мəн берген, менің сол бір шағын мақалама назар аударған жан бола қойған жоқ.

Айтайын дегенім, ұлт батыры деп дəріптелген, жарнамасы жер жарған талай премьер-министр кетті ғой. Бірақ, қазақ тілі үшін ең ірі қадам жасап, оны үнсіз ғана жүзеге асырып қолданылу аясын кеңейткен бір ғана үкіметбасшы осы Қасым-Жомарт болатын. Əлі де үнсіз жүріп ұлт үшін игі істер жасай берсін, қолына билікті бердік қой.

Қуандық Шамахайұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

11 пікір