Жұма, 29 Наурыз 2024
3481 6 пікір 12 Шілде, 2019 сағат 16:08

Путин мен Зеленский Донбастағы жағдайды талқылады

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары телефон арқылы Украинаның шығысындағы жағдай мен тұтқындарды айырбастау мәселесін талқылаған.

Президенттер сонымен бірге "норманд төрттігі" аясында кездесу мүмкіндігін талқылаған. Осының алдында Путин Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін бірқатар шарттар қойған.

Ресей президентінің сөзінше, "норманд төрттігі" бойынша кездесу тек Украинадағы парламент сайлауынан кейін, үкіметтің жаңа құрылымы жасақталғаннан кейін мүмкін. Бірақ Путин келіссөз форматын кеңейтуге қарсы емес екенін атап өткен.

Донбастағы жағдайды реттеу үшін құрылған "норманд төрттігі" құрамына Франция, Германия, Украина және Ресей кіреді. Зеленский бұл құрамға АҚШ-ты қосып, жаңа келіссөзді Минскіде өткізуді ұсынған.

Украина президентінің бұл ұсынысына Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров жауап берген. Ол Зеленский ұсынысын Фейсбук арқылы жария түрде емес, дипломатиялық каналдар арқылы айтуы керек еді деген.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568