Сенбі, 20 Сәуір 2024
2792 0 пікір 11 Шілде, 2019 сағат 13:29

Азия журналистері қауымдастығына алты жыл толды

Иә, Азия журналистері қауымдастығына алты жыл толды. Ай сайын жарық көретін "MagazineN" журналы шілде айындағы санында алты жылдық мерейтойын атап өтеді.

"MagazineN" журналы - бұл Азия журналистері қауымдастығы АЖҚ  (AJA (Asia Journalist Association)  мүшелерінің мақалалары басылатын әйдік журнал.

Басылымның алғашқы саны 2013 жылдың шілдесінде оқырманға жол тартқан екен. Күні бүгінге дейін арнайы басылым мен қосымша екі жинақты қосқанда, ұзын-ырғасы 69 нөмірі жарық көріпті.

Ал біз тілге тиек етіп отырған Азия журналистері қауымдастығы 2011 жылы, Солтүстік-Шығыс Азия мәселелеріне байланысты құрылған ұйым. Қауымдастық кейінірек, Орталық Азия, Таяу Шығыс мәселелеріне де белсенді араласып, Азия аумағындағы қаламгер журналистермен бірлесіп жұмыс істей бастады.

Ондағы қалам ұстаған ұл-қыздардың барлығы дерлік сөз бостандығын ұран етіп, журналистиканың жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етіп келеді.

"MagazineN" журналы жарық көргелі бері Азия мәселелерін азиялықтардың көзқарасы тұрғысынан көтеруге атсалысып келеді. "MagazineN" дәстүрлі журналистика құрылымы мен әлеуметтік желілердің дамуы арқылы оқырманға БАҚ атмосферасының өзгеруінің мәні мен жетістігіне негізделген ақпаратты беруге ұмтылады. "AsiaN" онлайн басылымы да аталған журналмен тығыз қарым-қатынаста екен. "MagazineN" әуелде АЖҚ тарапынан құрылған болса, "AsiaN" ағылшын, араб және корей тілдерінде ақпарат таратады. Корея, Солтүстік-Шығыс Азия, ASEAN елдері, Батыс Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Таяу Шығыс сияқты бес аймақты қамтиды. Ағылшын тіліндегі "AsiaN" сайтының жаңа редакторы бахрейндік журналист Хабиб мырза да ендігі өз аймағын кеңейтіп, ұлғайтуға кіріскен.

Алты жылдығын атап өткелі отырған MagazineN журналистері мен редакциясы алты жылдық тәжірибесін алдағы алты онжылдықта да жалғастыруға дайын. Бұл бастаманың жолы күрделі болмақ. Дегенмен, азиялық журналистердің ынтымағы бірлігі кез келген қиындықты еңсеруге қауқарлы. Себебі, АЖҚ-ның жұмыс істеп келе жатқанына 15 жыл болды. Сонымен қатар, журналдың соңғы номірінде Моңғолия президенті Халтмаа Баттұлғаның сұхбаты жарияланды. Бұл басқа медианың қолынан келмейтін маңызды істерді "AsiaN" атқара алатынының дәлелі. Жарқын келешек үшін еңбек еткісі келетін журналистерге "MagazineN" журналының есігі әрдайым ашық. "MagazineN" қызығушылық танытқан әр адамды ұлты, жынысы, діні және басқа белгілеріне қарай алаламайды. Бүгінде Италия, Түркия, Солтүстік Корея және Оңтүстік Кореяның 20 мен 30 аралығындағы жастары AJA құрылтайшы президенті Ли Санг-кимен жұмыс істейді. Ли Санг-ки бұрын Корея журналистері ассоциациясының президенті болған.

Abai.kz

0 пікір