Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
46 - сөз 1814 9 пікір 10 Шілде, 2019 сағат 14:50

"Уақытында орын босату да лидерлікке жатады"

Сингапурды отыз бір жыл басқарған Ли Куан Ю 1990 жылы алпыс жеті жасында қызметтен кетуінің себебін осылай түсіндірген:

"Тізгінді тағы бір он жыл ешкімге бермегенімде алдымыз – апат, артымыз опат болар еді"

Егер сіз өз арыңыздың алдында таза болсаңыз, егер сіз өз жауапкершілігіңізді биліктің құралы деп есептесеңіз, ерте ме, кеш пе, әйтеуір, бір күні бәрібір кетуге тура келеді. Уақытында орын босату да лидерлікке жатады. Дин Уильямс "Нағыз лидерлік" кітабында отыз бір жыл басқарған Ли Куан Ю мырзаны мысалға келтіреді. Ол 1990 жылы алпыс жеті жасында қызметімен қош айтысты. Кітап авторына берген сұхбатында Ли өзінің қиын таңдау алдында болғанын айтқан: «Былай ғой, билікте тағы бес жыл отырдым делік... Онымен не дәлелдемекпін? Күш-қуатымның әлі де болса мол екенін бе? Қабілетімнің әлі де жеткілікті екенін бе?

Одан не шығады әлде биліктен кетіп, жүйенің бұрандаларын босатып, елді жаңа лидерге тапсырып, үкіметті қайта құрып, басшылық орындарды қайта қарап, қалыптасқан жүйенің мүл- тіксіз жұмыс атқаруына жәрдемдессем бе екен? Бірінші жол тек денсаулығымның мықты екенін дәлелдемек. Екінші жол өзіме де, еліме де, үкіметке де орасан пайда келтіріп, менсіз де жұмыс істейтін үкімет бар екенін дәлелдемек. Жаңа лидерлер бүгінгі айнымалы, тез өзгеріп жатқан технологиялы заманда жас ұрпаққа не қажет екенін жақсы біледі. Бәрі де басқаша болуға тиіс. Айталық, тізгінді тағы бір он жыл ешкімге бермедім делік. Олай етсем, алдымыз – апат, артымыз опат болар еді».

Вашингтонның қоштасу xаты

Құрама Штаттардың халқы алғашқы президенті Джордж Вашингтонның отставкаға кеткенін қаламады. Жұрт Вашингтонның президент міндетін жалғастыра бергенін қалады, тіпті кейбірі оның патша болғанын құп көрді. Өзіне деген залалды тәуелділік пен бағыныштылықты болдырмау үшін Вашингтон екінші мерзімі біткен соң өкілеттігін жалғастырудан бас тартып, Америка халқына қозғау салар хат жазып қалдырды. Бұл хат тарихта «Вашингтонның қоштасу хаты» деген атпен белгілі. Өз хатында Вашингтон жақында ғана құрылған Құрама Штаттардың құндылықтары жөнінде, осы құндылықтар мен принциптерді сақтау және құрметтеу қажеттігін айтқан. Ол заңмен белгіленген уақытта қызметтен кетіп, жалпы жұрттың назарын жеке басына емес, іргесін өзі қалаған идеалдарды сақтап қалуға аударды.

Шыңғыс Мұқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір