Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4147 1 пікір 9 Шілде, 2019 сағат 17:22

Қызылордалық қос шахматшы қыз топ жарды

Индонезияның Соло қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар 2 алтын, 1 қола медаль иеленді,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Дода классика бойынша сынға түскен Əсел Серікбай Азия чемпионы атанды. Ол халықаралық ФИДЕ шеберін орындағанын айта кетейік. Тағы бір жерлесіміз Назерке Нұрғали блицтен алтыннан алқа тағынса, рапидтен қола жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, тақ үстіндегі тартысқа қызылордалық Сұлтан Аманжол да бақ сынады.

Аталған Азия чемпионатына Қазақстанның атынан тек сырбойылық шахматшылар ғана өнер көрсетіп, ел қоржынына 3 медаль салды.

Спортшылар алдағы қазан айында Үндістанда өтетін Əлем чемпионатына жастар арасында Əсел Серікбай мен Назерке Нұрғали, жасөспірімдер арасында Сұлтан Аманжол өнер көрсетеді. Жас шахматшыларды жарысқа Василий Шимелков пен Риза Қошқарова дайындаған.

Abai.kz

1 пікір