Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2651 0 пікір 5 Шілде, 2011 сағат 00:24

Мемлекет басшысы «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырыла басталуына орай капсуланы қалау рәсіміне қатысты

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының  жаңа көлік   жүйесі» жобасы іске асырыла басталуына  орай капсуланы қалау рәсіміне  қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Жалпы ұзындығы  41,81 шақырымдық жобаны 3 кезеңде жүзеге асыру жоспарланған: «Әуежай-Әбу-Даби Плаза» бағыты  бойынша 1-ші кезеңі, «Әбу-Даби Плаза-Теміржол  вокзалы» бағытында 2-ші кезеңі, «Теміржол вокзалы - Әбу-Даби Плаза» бағытында 3-ші кезеңі іске асырылмақ. Астана қаласының әкімдігі тарапынан арнайы - «Астана LRT» ЖШС компаниясы құрылды. Бұл компания жеңіл рельсті трамвай құрылысы мен жобалауға тапсырыс беруші ретінде құрылып отыр.

Жобаның бірінші кезеңі аясында «Альстом» компаниясы (Франция) жедел жылдамдықтағы трамвай өндірісін қолдануды жоспарлап отыр. Әуежай мен Әбу-Даби Плаза кешені аралығында барлығы 12 пойыз жүретін болады. Бір пойыз 250 адамды алып жүруге арналған. Астананың ауа райын ескере отырып, стансаны жабық түрде, желдеткіш пен ауа жылытқыштар орнату арқылы салу жоспарланған. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін стансаларда жерасты жолаушылар жүретін жолдар, лифтілер мен эксалаторлар орнату қарастырылған. Бірінші кезеңнің құрылысын қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін республикалық бюджеттен қосымша 13,3 млрд. теңге бөлу жоспарланған. Екінші кезеңнің құрылысын  2012 жылы республикалық бюджет есебінен және Азия даму банкінен займ тарта отырып бастап,  2014 жылы аяқтау  жоспарлануда.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499