Сенбі, 20 Сәуір 2024
3164 1 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 14:38

Айдос Үкібай: Ақышевқа қатысты ресми хабарлама келген жоқ

Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Данияр Ақышев қазір жұмыс орнында екен. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді. 

"Данияр Ақышев қазір жұмыс орнында. Әдетте, қылмыстық іс қозғалатын болса, басшылыққа ескертіп айтады. Ондай ештеңе болған жоқ. Біздің канцелярий құзырлы органдардан ешқандай ресми хабарлама алған жоқ", деді Айдос Үкібай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғандығы туралы ақпарат тараған.

Данияр Ақышев 2015 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін Қазақстанның Ұлттық банкін басқарған. Ал 2019 жылдың 9 сәуірі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болып тағайындалды.

Abai.kz

1 пікір