Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 4914 5 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 13:29

Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебіне қатысты мәселені шешуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебіне қатысты мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі мен облыс әкіміне берген тапсырмасын Twitter желісіндегі жеке парқшасында жазды.

- Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу маусымына дейін шешуі тиіс, - деп жазды Президент.

Қостанайдағы жалғыз қазақ бастауыш мектебіне қатысты "Abai.kz" ақпараттық порталы алғашқылардың бірі болып, мәселе көтерген еді.

Мәселенің нақты мән-жайы мынадай: Қостанай әкімдігі Сырбай Мәуленов атындағы №24 бастауыш мектепті Бородин көшесіндегі бұрынғы Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің ғимаратына көшіруді көздеген. Ал мектептің ғимаратын балабақшаға айналдыру жоспарланған екен. Алайда оқушылардың ата-аналары жергілікті биліктің бұл бастамасына қарсы шыққан.

Осы мәселеген байланысты, бұған дейін Abai.kz порталында екі бірдей мақала жарияланды. 26 маусым күні жарияланған алғашқы мақалада Қостанай қаласы әкімдігінің қаладағы Алтынсарин көшесі, 107 мекен жайында орналасқан бастауыш білім беретін №24 мектеп-гимназияны Бородин көшесі 138/1 бойында тұрған бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратына көшіргелі жатқанын жаздық.

Ал 27 маусымда жарияланған екінші мақалада №24 бастауыш мектепті қойма-қопсысы көп, күйі қашқан «Строитель» ауданындағы кең ғимаратқа көшіру туралы қала әкімінің бастамасы қостанайлық ата-аналар тарапынан қолдау таппағаннан кейін, шешім кейін қайтарылғаны жазылды.

Қостанай қаласы әкімдігінің қала орталығындағы жалғыз қазақ бастауыш мектебін шалғайға көшіру туралы шешімі мемлекет басшысының назарына жетіп отыр. Бұл мәселе енді оң шешімін табады деп сенеміз.

Аятжан Ахметжанұлы суреті.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3508