Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2744 0 пікір 3 Шілде, 2019 сағат 11:32

Facebook жалған ақпаратпен күрес жоспарын жариялады

Facebook әлеуметтік желісі өз платформасында жалған ақпараттың таралуына қарсы бірқатар шараларын жариялады. Мысалы, Facebook сайлауда дауыс бермеуге шақырған үндеулердің таралуына тыйым салады.

Бұл шаралардың мақсаты – 2020 жылы АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңындағы науқан кезінде қоғам пікіріне ықпал етуге жол бермеу.

Facebook 2016 жылы АҚШ президентін сайлауда троллингтер мен жалған ақпараттың жариялануына жол бергені үшін сын естіді. Америка әкімшілігінің өкілдері мұндай тәжірибе 2020 жылы өткізілетін халық санағына да нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

Бірқатар мәліметтер бойынша, бұған дейінгі халық санағында афроамерикалықтар, Латын Америкадан шыққандар, резервацияда тұратын аборигендер, баспана жалдайтындар мен жағдайы нашарлар саны азайтып көрсетілген. Трамп әкімшілігінің анкетаға азаматтық туралы сұрақ енгізу талпынысын Жоғарғы сот уақытша тоқтатып қойды. Сарапшылар мұндау сұрақтың қойылуы заңсыз мигранттарды халық санағына қатысудан үркітеді деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516