Жұма, 29 Наурыз 2024
3114 0 пікір 3 Маусым, 2019 сағат 10:02

Қазақстандағы гендерлік саясат: бүгіні мен келешегі

Қазақстанда тұңғыш Президент елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылғы 22-желтоқсандағы №4176  Жарлығына сәйкес ҚР Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия негізінде құрылған болатын.

Аталған комиссияның мақсаты – отбасы мүдделерін қорғау, әйелдердің елдегі саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысу үшін қажетті жағдайлардың барлығын да жасау.

Ол негізінен, ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшң орган қызметін атқарады. Аталған орган жұмысының маңызын ескере отырып, Елбасы  облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері жанынан да арнайы комиссия құрылу керектігін баса назарға алған.

Бұл комиссияның міндеті – отбасына, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың кешенді бағыттарын қалыптастыру. Аталған саладағы негізгі басымдықтарды айқындап, талдау арқылы әйелдер мен балалардың мәселелеріне басымдық беру. Және, ең бастысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру.

Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың, жалпы отбасының экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және заңдық тұрғыдан Мемлекеттік қолдаудың кешенді бағдарламасын жасауға көмектесу де аталған комиссияның негізгі міндеттеріне жатады. Және, аталған комиссия халықтың денсаулығы мен өсу процесін бақылап, экономикалық, әлеуметтік жағдайларына талдау жасап отыруға да міндетті.

Қазір елімізде ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған бірнеше кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Сол шаралардың әлеуметтік-медициналық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу арқылы да ұлттық комиссия өз белсенділігін танытып келеді. Сондай-ақ, олар мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен жекелеген азаматтардың ұсыныстарын қарап, ҚР Президентіне нақты ұсынымдар әзірлеуге, “Қазақстан-2030” даму стратегиясын негізге ала отырып, әйелдер мен балаларға қатысты, жалпы, отбасына қатысты мемлекет саясат бағдарламаларын даярлауға, атлған әлеуметтік топтағы адамдардың жағдайын жақсартуға арналған заң – құқық жобаларын дайындауға қатыса алады.

Сонымен қатар, қоғамдағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени салалардағы әйелдер мен балалардың шынайы жағдайын анықтау үшін ақпарат жинауға, ғылыми зерттеулер жүгізуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, аталған әлеуметтік топ адамдарына қатысты азаматтардың өтініш-арыздарын қарауға және халықаралық ұйымдармен ықпалдаса отырып, әлемдік деңгейдегі әйелдер мен балаларға эалпы отбасы мәселелеріне арналған кеңестер мен семинар, конференцияларға қатысу арқылы қоғам өміріне ықпал ете алады.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғаш тәуелсіздік алған аумалы-төкпелі кезеңнің қиындығына қарамастан әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту үшін елдегеі демографиялық саясатты қолдаған болатын. Сол жылы демографиялық кеңес болып құрылған аталған ұйым араға үш жыл салып, құқықтар мен өкілеттіктер беріле отырып, ұлттық комиссия болып қайта құрылды.

Ал, 2006 жыдың 1-ақпан күнгі №56 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган негізінде Әйелдер істері, гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия болып қайта құрылды.

Бүгінде аталған саясаттың нәтижесінде қоғамның әр саласында әйелдердің рольі артқан. Яғни, саясат пен экномика, әртүрлі әлеуметтік және бтзнес саласында болсын нәзік жандылардың жұмысы оң нәтижеге бастайтынын көруге болады. Алдағы уақытта бұл саясат одан әрі жанданып, өз нәтижесін береді деген сенім басым. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отырғанын айт кету керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553