Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 4173 4 пікір 2 Шілде, 2019 сағат 11:29

Халықтық толқулар сәтінде имам мен әртістерді қолдану қате

Еліміздегі соңғы жылдары байқалатын бір жағымсыз фактор - жанжалды шешуші мемлекеттік институттардың, стратегияның жоқтығы. Қазір бізге бұл интститут ауадай қажет.

Өйткені елдегі әлеуметтік жағдай нашарлаған сайын, ұлттық және этностық қақтығыстар, әлеуметтік толқулар, халықтық ереуілдер көбейе береді. Оның бәрін молданың "Алла разылығы үшін тарайық" деуі шеше алмайды. Жалпы халықтық толқулар сәтінде молда, имам, әнші, әртіс дегендерді қолдану қате. Өйткені халық талабын билікке қояды, имам мен әншіге емес. Ал биліктегілердің диалог жүргізу деңгейін көріп отырмыз.

Сондықтан да, осындай жанжалды реттеу жолдарын білмегендіктен, Жаңаөзен, жер мәселесі, Қарағанды оқиғасы мен биыл тым көбейіп кеткен митингтер орын алды(алуда).

Әрине, жанжалдың шешімі - оның себебін табу және реттеу. Алайда алаңға шыққан халыққа "сол себепті табамыз, шешеміз" деуді нақты, сенімді әрі шынайы, халық психологиясы мен митинг атмосферасын сезе алатын шенеуніктер айтуы тиіс. Олар өкінішке орай тым аз.

Асхат Қасенғалидың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір