Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 10367 18 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 14:38

Жаман үйді қонағы билейді...

Қазір 5-6 жылдың жүзі болды жақын досым Біріккен Араб елінде кәсіпкер болып жүр. Шаруасын дөңгелетіп алған.Арабтармен де тіл табысқан сыңайлы. Мені де өткен жылы алып кетіп, қыдыртты. Көп нәрсені көрсетті.

Айтайын дегенім, сол кезде қонақ үйде жатқанмын.Бірде менің болконға жуып іліп қойған киімім ұшты күйлі жоғалып кетті. Анау айтқандайда емес, бір киерлер ғана. Досым келді. Мән-жайды білді. Дереу қонақ үйдің директорын шақыртты. Қытай жігіт екен.Болған оқиғаны айтты.Әлгінің түрі бұзылып кетті. Жалма-жан менің қолымнан ұстап алып, бірдеңелерді айтып, жалбарынып берсін. Қысылғаннан қара тер болдым. Және ыңғайсыз жағдайға қалдым. Досыма «қой»десем қоятын емес. Оған бірдеңелерді айтып жатыр, айтып жатыр.
-Мынау сенен кешірім сұрап жатыр. Не қаласа соны берейін, тек мұны қожайын естімесін деп тұр.
Көзілдірікті қытай директорда жан жоқ. Өте аянышты халде. Жалп-жалп етеді Мұрнының ұшы қара тер.

-Ойбай қой! Ештеңенің қажеті жоқ. Құрып кетсін. Кешірдім ойбай деп мен әлекке түстім. Басын жерге иіп қытай тұр, жыламсырап .Өмірде ондай тағзымды көрмеген сорлы басым, менің де көңілім босап қоя берді. Сөйтіп онан зорға құтылғаным бар.

Мұның мәнісін сұрағанымда досым:
-Бұлардың бәрі келімсектер, жалданып жұмыс істеп, табыс табуға келгендер. Бұл жердің иесі арабтар. Сондықтан бұлар табыстың салығын, сосын келісім бойынша тапқан пайдасының белгілі бір пайызын төлейді. Жұмыстарынан бір ши шықпауы керек.Егер жұмыс барысында бір кемшілік кетіп, біреуден шағым түссе бітті дей бер. Жинаған тергенін сыпырып алады да сол мезетте ұшаққа билет алып мінгізіп жібереді. Және ол енді қайтып бұл жақты баспайды.Есекке теріс мінгізіп жіберген деген сол шығар?

-Ешкім бұл жерде өзінше билік қыла алмайды.Келісілген келісім бойынша, жергілікті елдің заңымен ғана тірлік кешеді. Оны айтасыз, үлкен жолда араб келе жатқанда келімсектер көлігін тоқтады. Ол өтіп кеткенше қимылдамайды.Басын иіп тұрады. Жолын кесіп онан озып көрсін, сол мезетте шаруасы тынады.

-Келімсектер мен арабтардың құқын досымнан әрі қарай өрбіте беруге бір түрлі қорықтым. Қатал екен, келімсектерді аядым,мен пақыр.Айтпақшы кейін «жоғалған» киімдерімді тауып алдым. Бір ағаштардың арасында жатыр. Желмен ұшып түскен екен,-дейді Сапар деген танысымыз бізбен әңгіме барысында.

-Арысқұм мұнай кенішінде біздің бір аспазшы қызға қытай қол жұмсады. Өзі ота жасатып «больничныйдан» келген. Біршама жігіт шыдамай өре тұрдық.  Жанжал төбелеске ұласты. Бірнеше қытай таяқ жеді. Қалаға келіп полицияға шағымдандық..Биліктердің есігін жағаладық . Айналып келгенде »жұмыстан кетесіңдер» деді. Алдында өрікпіп тұрғандардың үні бәсеңдеді, ыстық демдері басылды..Сонымен шындық іздеген қатарымыз селдірей бастағасын қойдық. Бала-шаға бар дегендей дейді қызылордалық Асхат.

Иә, араб пен қазақ тың арасы аспанмен көктей. Бірақ Алла байлықты екеуіне де аямай бере салған. Біреуі сол байлықты шашпай төкпей еліне жаратса, екіншісі сол байлықтың кілтін өзгенің қалтасын салып, қара алтынның қарақазанының құлағын қытай мен шүршітке ұстатып, өздері қаспағын қырып, таяғын қоса жеп жүр. Басқасын былай қойғанда анасы өліп соны жерлеп келген қазақтың өзін сылтау тауып жұмыстан шығарып жібереді. Өйткені олар қара қазақтың өзін қара қазақ жек көретіндігін біледі. Қазақ үкіметінің өзі, өз халқын қадірлемейтінін көріп отыр. Халқының мүдесін қорғап, солардың мұңын жоқтап, жоғын түгендейтін жоғарғы Парламенттегі депутаттардың жағымпаз, жарамсақ,ойыншық қуыршақ екендігін өзіміз білгіміз келмесе де, өзге келімсек жақсы біледі. Елді өтірік, жемқорлық, көзбояушылық жайлағандығын көріп отыр. "Жаман үйдің иесін, қонағы билейдінің" кері.

Мәселен бір мұнай кенішіндегі серіктестікті әлбетте қытай басқарады. Сол директордың айына алатын жалақысы 3миллон тенгеден жоғары ,оның орынбасары/ олда қытай /қолына таза 2 миллон 200мың тенге алса , қазақта кеткен әкесінің алты аласы бар ма? Сол офисте 5 қытай 15 қазақ жұмыс істейді.15 інің жалақысы бір қытайдың алатын айлығына татымайды. Олардың құзырында тағы да Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау бөлімшелері бар. Шамамен 150-ден 700 ге дейін жұмысшылары бар.
Және жалақы дер уақытында штаттық кестеге сай беріледі.Қызмет көліктері компания есебінен. Басшылықтың әйелдерінің жағдайы да мұнай кенішінің есебінен жасалады. Әр үш ай сайын еліне ұшады.1 ай демалады. Жылдық демалыс мерзімі 3 ай дейді осы салада еңбек етіп, шындық үшін шырылдап жүрген азамат Қожахмет.

Жалпы айта берсең, жергілікті халыққа есігі тарс жабық мұнай компаниялары келімсектерің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болып тұр. Жұмысшының жалақысы жоғары дегенде 130 мың тенге. Жылдық сыйақыны биылдан бастап 30 мың теңге етіпті. /Айды аспанға шығарғандай!/ Өз еліндегі мөлшермен салыстырғанда қытайлықтардың Қазақстанда алып жүрген жалақылары түнде түстеріне кірмейтін айлық екен. Оны Қытайдың әрбір тұрғыны үшін бұл тек арман екен. Неге олар бізде сондай ақшаны күреп тауып отыр? Артықшылығы неде? Сөйтсе олар өзге елде, ешқандай жағдайы жоқ жерде, отбасынан алыста, үйінен жырақта жұмыс істейді екен. Сол еңбек шарттарына орай, жалақыны келімсектерге орып төлейтіндігінің мәнісі сонда екен. -2013 жылы Бас прокуратураға 5 пункт бойынша шағым түсіргенбіз. Оның ішінде заңсыз виза, жасанды келісім шарт сияқты былықбайлар көп. Көреміз, қалай боларын?,-дейді шағымданушы жақ..

Заңы бар, бірақ орындалмайды. Үкіметі бар, бірақ, үні шықпайтын. Жоғарғы палатасы бар, бірақ пәрменсіз. Қалаулысы бар, бірақ, халқына құлақ аспайтын, қаптап жүрген қытайға тапталып жатқан жұрты бар Қазақиядан асқан мемлекет қайда бар екен?Айтпақшы «қытайдың ән ұранын «айтамыз» Түсінбесек те,білмесек те,кеудемізді жүрекке тақап, әйтеуір ауыз жыбырлатамыз дейді мұнай кенішіндегі жұмысшылар...

Жеткер Жүсіптің facebook парақшасынан

Abai.kz

18 пікір