Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Саңлақ 5165 1 пікір 30 Маусым, 2019 сағат 22:37

Қызылордалық «Қайсар» жеңіске жетті

Жас шабуылшы Өркен Махан

Қазақстан Премьер лигасының 16-шы тур ойындары өтті. Кезекті тур аясында Шымкеттке қонаққа барған қызылордалық «Қайсар» аса маңызды үш ұпай олжалап қайтты.

Турнирлік кестеде қатар тұрған командалардың кездесуі қашан да алты ұпайға бағаланады. Егер тікелей бәсекелесіңді сүріндіре алсаң өз ұпайыңды көбейтіп, оныкін азайтасың деген сөз бұл.

Бүгінгі кездесу де дәл осындай маңызға ие еді. Өткен турда «Таразбен» тең ойнап, қызылордалықтар бүгін тағы жеңілсе «Ордабасымен» ұпай айырмасы алшақтап кетер еді. Осыны жете түсінген  Стойчо Младенов шәкірттері жинақы өнер көрсетті. Конголық шабуылшысы Мбомбо алғаш болып есеп ашты. Бірақ, бірінші тайым соңына қарай алаң иелері сапынан Таңғылышбай есепті теңестіріп тастаған. Ал алаңға 90-шы минутта шыққан жас шабуылшы Өркен Махан ойын аяқталар сәтте гол соғып кетті. Осылайша, 21 жастағы ойыншы командасына аса маңызды үш ұпай сыйлады.

Он алты турдан кейін «Қайсар» мен «Ордабасы» 30 ұпайдан еншілеп, 4-5 орындарды бөлісіп тұр. Шымкенттіктердің соққан голы көп болғандықтан ғана «Қайсардан» жоғары орналасқан. Оның үстіне, «Қайсардың» ел чемпионы  «Астанадан» екі, үшінші орында тұрған «Қайраттан» бір ойыны кем. Демек, сол екі матчта қоржынға толық алты ұпай салса, турнирлік кестеде екінші орынға бірақ шығады. Жақында ғана Қазақстан кубогының финалына жолдама алған қызылордалық команда, ел чемпионатында да жақсы өнер көрсетіп жүр.

«Ордабасы» - «Қайсар» 1:2 (1:1)

Голдар: Мбомбо 37’, Жанғылышбай 40’, 90+6' Махан

«Ордабасы»: Непогодов (Қ), Фонтанелло (К) Пауло, Механович, Диакате, Махлангу, Даутов, Ерланов, Төлебек, Досмағамбетов, Жаңғылышбай.

«Қайсар»: Исламкулов (Қ), Граф, Ламанж, Джон, Мбомбо, Әмірсейітов, Гурман, Марочкин, Нәрзілдаев, Тағыберген (К), М.Хайруллин.

Abai.kz

1 пікір