Жұма, 19 Сәуір 2024
Өз сөзі 2935 1 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 12:31

Сағынтаев: Менің мақсатым - Алматыны қауіпсіз де қолайлы мегаполиске айналдыру

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев оңтүстік астана тұрғындарына үндеу жолдады.

Жаңа қызметіне кіріскен шенеунік қала тұрғындарының алдындағы асқан жауапкершілігін сезінетінін жеткізді. Әрі осы жауапкершіліктің үддесінен шығу үшін қала тұрғындарымен ақылдаса отырып, бірге жұмыс істегісі келетінін айтты. Сол үшін арнайы Facebook, Twitter, Instagram желілеріне тіркелгенін жеткізді.

"Құрметті алматылықтыр! Алматы қаласының міндетіне кірісе отырып, мен сіздердің, қала тұрғындары алдындағы зор жауапкершілігімді толық сезінемін.

Алматы әрқайсымыздың жүрегімізден ерекше орын алған қала. Алматыға деген әр қазақстандықтың ықыласы ерекше. Бұл қала менің жастығымның, кәсіби кемелденуімнің куәсі.

Менің басты мақсатым - Алматының әр тұрғыны берекелі өмір сүретін қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру. Біз оған тек бірге тізе қосып, еңбек ету арқылы қол жеткізе аламыз. Сондықтан сіздердің талап-тілектеріңізді біліп, уақытылы жауап беру мен үшін өте маңызды.

Қаланың проблемалары мен даму стратегияларын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді. Сіздермен тікелей байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім. Барлығымыздың тағдырымызбен байланысты маңызды шешімдерді әзірлеп қабылдау кезінде сіздердің қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Ақылдаса отырып, бірге жұмыс істейік" , - деді Сағынтаев.

Abai.kz

1 пікір