Жұма, 26 Сәуір 2024
5772 6 пікір 29 Маусым, 2019 сағат 15:39

Бауыржан Байбек Бас партияның басшылығына барды

Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті таныстырды", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.

Бауыржан Қыдырғалиұлы күні кешеге дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған. Кеше Президент Тоқаевтың жарлығымен қала басшылығына Бақытжан Сағынтаев келді.

Бауыржан Байбек:

  • 1999 жылдан - Майндағы Франкфурт қаласы ҚР Бас консулдығының референті, атташесі - ГФР-дағы ҚР Елшілігі экономикалық бөлімінің үшінші хатшысы (Берлин қаласы).
  • 2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі Жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы.
  • 2003 жылдан - ҚР Президенті Хаттамасының ақпарат пен талдау секторының меңгерушісі
  • 2004 жылдан - бас инспекторы
  • 2006 жылдан - Хаттама жетекшісі.
  • 2009 жылдың тамыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
  • 2013 жылдың қаңтарынан — "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.
  • 2015 жылдың 9 тамызынан - Алматы қаласының әкімі қызметтерін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған.

Abai.kz

6 пікір