Сенбі, 20 Сәуір 2024
5434 8 пікір 28 Маусым, 2019 сағат 11:00

Көшербаев енді ПӘ жетекшісі

Қырымбек Көшербаев ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында жария болды. 

"Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылсын", делінген Президент Жарлығында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметін Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев атқарып келген.

Қырымбек Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысында туған. Премьер-министрдің  орынбасары, Президенттің баспасөз-хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Әр жылдары Білім, мәдениет, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрі қызметтерін атқарды. 2000 жылы Батыс Қазақстан облысының әкімі, 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі елшісі, 2006 жылы Маңғыстау облысының әкімі, 2012 жылы Премьер-министрдің орынбасары, 2013 жылы Қызылорда облысының әкімі қызметтеріне тағайындалған.

 Abai.kz

8 пікір