Сенбі, 20 Сәуір 2024
4054 2 пікір 26 Маусым, 2019 сағат 17:54

Өнер жұлдыздары Арыс халқын қолдауға барды

Ел-жұртқа есім-сойы етене таныс эстрада жұлдыздары Арысқа барды.

Атап айтсақ, Арыстағы шетін оқиғадан зардап шеккен тұрғындар мен әскерилерге көмек көрсетіп, қолдау білдіру үшін Алтынбек Қоразбаев, Майра Ілияосва, Сәкен Майғазиев, Нұрлан Албан, Мөлдір Әуелбекова бастаған өнер жұлдыздары Арыс қаласындағы Мойынтас елді-мекеніне келді.

Бұл ақпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария болды.

Сонымен қатар, эвакуацияланған жергілікті тұрғындар мен әскерилердің демалыс уақыттарында отандық фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылған.

Осыған дейін 25 маусым күні  Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсету және бірінші қажеттілік заттарын (киім-кешек, азық-түлік, су, дәрі-дәрмек т.б.) жинау мақсатында Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының және Нұр-Сұлтандағы ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана жанынан арнайы штабтар құрылған.

Ал 27 маусым күні Арыс қаласына "Арыс, біз біргеміз!" гуманитарлық көмек керуені жөнелтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке қарайтын ұйымдардың қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының "Мәдениет" бастауышш партия ұйымының мүшелері жергілікті халыққа көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақыларын аударған болатын.

Abai.kz

2 пікір