Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4470 4 пікір 20 Маусым, 2019 сағат 13:42

Қызылордалық «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шықты

Қазақстан кубогы жартылай финалының Қызылорда қаласында өткен қарымта кездесуінде жергілікті «Қайсар» командасы қостанайлық «Тобылды» 3:1 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

22 мамыр күні Қостанайда өткен бірінші ойында «қасқырлар» 1:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Араға айға жуық уақыт салып, Сыр бойында қайта жолдары түйісті. Сырт алаңда сәтсіз өнер көрсеткен қызылордалықтар өз жерінде ширақ қимылдады. Есепті өздері ашты. «Қайсардың» армениялық шабуылшысы Барсегян 16-шы минутта айып соққысын тамаша орындады. Ал екінші таймда Мбомбо есепті еселей түсті. Бұған 89-шы минутта қонақтар сапынан Артурас Жулпа жауап қатты. Егер осы есеп сақталғанда финалға «Тобыл» өтер еді.

Бірақ, төреші қосқан қосымша 6 минуттың соңына қарай «Тобылдың» қорғаушысы өзінің айып алаңында қолмен ойнап, қостанайлық команданың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Нүктеге келген Барсегян мүлт кеткен жоқ.

Осылайша, қос ойынның қорытындысында 3:2 есебімен жеңген «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шықты. Енді олар ақтық сында шымкенттік «Ордабасыны» жеңген «Атыраумен» кездеседі.

Айта кетейік, «Қайсар» жаңа ғасырда Қазақстан кубогының финалында алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. «Касқырлар» бұған дейін финалда екі мәрте бақ сынаған. Алғашқысы - 1998 жылы. Алматыдағы Орталық стадионда «Қайсар» павлодарлық «Ертіске» 1:2 есебімен есе жібереді. Араға бір жыл салып дәл сол стадионда өскемендік «Восток-Алтын» командасын матч соңындағы пенальти сериясында ұтып, кубокқа қол жеткізеді.

Ал «Атырау» футбол клубы үшінші жыл қатарынан ел кубогының финалына шығып отыр. Атыраулықтар 2018 жылы да, 2017 жылы да финалға дейін жетіп, алматылық «Қайратқа» есе жіберген болатын.

ҚР Кубогы. Жартылай финал. Қарымта матч

«Қайсар» – «Тобыл» 3:1 (1:0)

Голдар: 16', 90+6' Барсегян, 66' Мбомбо - 89' Жулпа

«Тобыл»: Балаев (Қ), Канкава, Кассай, Жулпа, Дмитренко, Жарынбетов, Валиуллин, Квеквескири, Гордейчук, Себаи, Федин.

«Қайсар»: Исламқұлов (Қ), Ламанж, Марочкин, Граф, Әмірсейітов, Гурман, Тағыберген, Нәрзілдаев, Джошуа, Барсегян, Мбомбо

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564