Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 06:23

«Халық майданына» келіңіздер! (аудио)

Қазақстан коммунистер партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясы «Халық майданы» атты бірлестікке бірігіп, алдағы уақытта болады-ау десіп жүрген мәжіліс сайлауына әділдік пен саяси жүйені оңтайландыру үшін қатыспаққа бел буып отыр.  Бірлестіктің басқарма мүшесі Серік Сапарғали өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жұртты «Халық майданының»  қатарына шақырып, үндеу тастапты:

«Құрметті Отандастар!

Бүгін көптен күткен "ХАЛЫҚ МАЙДАНЫ" бірлестігі жарияланды!

Еліміз бен жеріміз үшін күреске шықпасақ біз бәрінен де айырыламыз!

Егер Сіз нағыз Азамат болсаңыз - бізге қосылыңыз!

Билік халыққа қарсы майданды баяғыда ашып қойған!

Бас көтеретіндерді түрмеге отырғызып, шетелге қуғындап, атып, жойып жатыр, бұл майдан емей-немене сонда?

Ертеңді, ұрпақтың болашағын, Тәуелсіздігімізді ойласақ - біз қарсы майдан ашып халқымызды қорғауымыз керек!

Сіз өзіңізді көзі ашық, көкірегі ояу  зиялы қауым өкілімін деп санайтын болсаңыз бізге келіңіз, бірге күресейік.

Біз, рухты көшпенділердің ұрпағы екенімізді ұмытпайық!

Біздің бұл ісіміз Конституциядағы: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы  - халық» - деген бапқа негізделген. Тіпті, бұл сөздер онда жазылмаса да түбінде жеңетін- ХАЛЫҚ!»

Редакциядан: Серік Сапарғали бізге берген қысқа сұхбатында бүгінгі парламент халық мүддесі тұрғысынан жұмыс істей алмай отыр деді. Әңгіме барысында «Халық майданына» қырық шақты үкіметтік емес ұйымдар кіруге ниет білдіріп отырғандығы да айтылып қалды.

«Абай-ақпарат»

Сұхбаттың толық нұсқасын төменнен тыңдай аласыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511