Бейсенбі, 17 Қазан 2019
Жаңалықтар 1353 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 01:23

«Шығыс-2011» оқу-жаттығулары аяқталды

ҚазАқпарат - Бүгін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери полигонында Қазақстан мен Ресей Қарулы Күштері қатысатын «Шығыс - 2011» бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының шешуші кезеңі өткізілді,деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығулардың барысын бақылау үшін полигонға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді.

Ресей жағынан оқу-жаттығуларға Әскери әуе күштерінің, Әуе десанты әскерлерінің өкілдері, сондай-ақ Орталық әскери округінің жедел тобы тартылған.

«Шығыс - 2011» жаттығуларының кең көлемділігі сол, онымен бір мезетте Қазақстанның әр түрлі полигондарында командалық-штабтық және тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өткізілді. Оларға «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының, Әуе қорғанысы күштерінің құрамалары мен бөлімдері, Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімшелері қатысты.

«Шығыс - 2011» жаттығуларының шеңберінде «Қызылағаш» полигонында Қазақстан Әуе қорғанысы күштері мен Ресей Әскери әуе күштері «Әуе күштері - 2011» бірлескен жаттығуларын өткізді. Екі ел әскери әуе күштерінің басшылығы мен ұшқыштары бірлесе қымылдау арқылы жақсы тәжірибе жинақтай алды.

Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы Күштері әскери оқытылған резервті дайындауға барынша көңіл бөліп отыр. Резервтегілерді «Шығыс - 2011» жаттығуларына қатыстыру арқылы командирлер жұмылдыру үдерісін сараптауға, сондай-ақ, осы іс-шараны тәжірибе түрінде пысықтауға  мүмкіндік алды.

шыгыс Өздерінің әскери-есептік мамандықтары бойынша жиындарға шақырылған қазақстандық резервтегілер үлкен тәжірибе жинақтап, жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындауға қабілетті екендігін дәлелдеді. «Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу полигонында бөлімше командирлері, мергендер мен гранататқыштар, механик-жүргізушілер, зенитшілер мен артиллеристер атыс және арнайы дайындықтан өтті.

Сондай-ақ, «Шығыс - 2011» жаттығуларының шеңберінде Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімшесі жауынгерлік атыстарды қамтыған бірнеше тапсырмаларды орындады.

Олардың ресейлік әріптестері 31 дербес гвардиялық десантты-шабуылдаушы бригада десантшылары Қазақстанға бүгін келді. Ресей аумағынан әуеге көтерілген олар бірнеше сағат ұшулардан соң бірден жаттығуларға кірісіп кетті. Бұл секілді тәжірибені Ресей десантшылары оқу-жаттығуларда алғаш рет қолданып отыр.

Қазіргі таңда десантты-шабуылдаушы бөлімшелер ең ұтқыр және барынша дайындалған бөлімше болып табылады. Аз құрамда, заманауи қару-жарақтармен жарақталған десантшылар тапсырмаларды қысқа мерзімде орындауға қабілетті. Қазақстан мен Ресейдің бөлімшелері ҰҚШҰ Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің құрамына кіретіні белгілі. Олар үшін мұндай жаттығулардың тапсырмаларын орындау ҰҚШҰ Жедел қимылдайтын ұжымдық күштерінің іс-қимылы шеңберіндегі тапсырмалармен ұштасып жатыр.

Бүгін «Шығыс» полигонында оқу-жаттығудың мазмұнына сай жауынгерлік іс-қимылдар өткізілді. Қазақстан және Ресей Қарулы Күштері өкілдерінен құралған коалициялық топ шартты әскери қақтығыс орын алған аумақтағы жағдайды тұрақтандыруға арналған операцияларды бірлесіп жүргізді.

Жаттығуларға барлығы 3500-ден астам әскери қызметші қатысуда.
500-ден аса автомобильді және сауытты техника тартылған. Олар - жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, Т-74 танкі, сауытты транспортерлер. «Град», «Гиацинт», «Мста», «Гвоздика» сынды артиллериялық қондырғылар да өз позицияларынан артиллериялық соққы берді. Жаттығуларға Қазақстан мен Ресейден отыздан астам авиатехника қатыстырылды. Олардың қатарында Су-27, Су-24, Ту-22, Ил-76 ұшақтары мен Ми-24, Ми-17, Ми-8МТ тікұшақтары бар.

Әскерлерді басқару негізі - байланыс болып табылатыны белгілі. Жаттығу барысында Қазақстан жағы далалық жағдайда спутниктік байланыс орнатып, Интернет желісін қосты. Далалық жауынгерлік басқару орталығындағы баяндаулар мен тыңдаулар заманауи бейнеконференция желісін қолдану арқылы жүзеге асты.

Жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің әскери басшылығы жаттығулардың басты мақсаты - басқару органдарының өзара
іс-қимылы сәтті орындалды деп шешті. Командирлер мен штабтар арнайы операциялар жүргізуге тәжірибе жинақтаса, әскерлер өздерінің далалық біліктерін жетілдірді. Сонымен қатар, екі елдің әскербасыларына әскерлердің коалициялық топтарын құру, оны жасақтау және қолдану мәселелерін зерттеуге қосымша мүмкіндік туды.

0 пікір