Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3102 0 пікір 30 Маусым, 2011 сағат 01:22

Авиарейстердің кідірісін болдырмау жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды - ККМ

ҚазАқпарат.  29 маусымда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев ұшулардың жүйелілігін  қамтамасыз ету мақсатында «Эйр Астана» АҚ, «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ және «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ өзара  іс-қимылдарын үйлестіру мәселесі жөнінде осы кәсіпорындардың бірінші басшыларының қатысуымен жиналыс өткізді,деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жиналысты аша отырып, көлік ведомствосының басшысы  жолаушылардың  соңғы күндері рейстердің кідіруіне байланысты наразылықтарын еске салды.

Министр Б.Камалиев басшылардың дәлелдемелері мен ұсыныстарын тыңдай келе, азаматтық авиация комитетіне қысқа мерзім ішінде таяуда жолаушыларды тіркеу жөніндегі автоматтандырылған жүйесінің тоқтап қалуына байланысты жұмыстың кідіруіне әкелген жайтпен айналысуды, ұшулардың жүйелілігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын толық іске асыру мақсатында «Эйр Астана» АҚ және аталған әуежайлар арасындағы іс-қимылдардың үйлесімділігін қамтамасыз етуде қосымша пәрменді шаралар қолдануды тапсырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616