Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3542 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 11:19

Астанада «ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» атты жаңа жинақ жұртшылық назарына ұсынылды

Бүгін Астанада «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаған жаңа жобаларының бірі - «Елбасы және мемлекеттік тіл» атты жинағын жұртшылық назарына ұсынды. Жинақтың шығуына  «ҚазМұнайГаз» ҰК» Акционерлік қоғамы қолдау көрсетті.

Жиналған қауымға жаңа басылымды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті, академик Өмірзақ Айтбайұлы, «Егемен Қазақстан Республикалық газеті» Акционерлік қоғамының Президенті, «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов, «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қорының директоры Азат Шәуеев және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Баспасөз хатшысы Ғалым Тұмабаев таныстырды.

Құрастырушылардың айтуынша, бұл еңбекті әзірлеудегі басты мақсат - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл мәселесіндегі сындарлы саясатын, жетекші рөлін көрсету.

Осыған орай А.Шәуеев: «Еліміздегі тіл саясаты, оның ішінде қазақ тілінің өркендеуі, тіл мәселесінің басқа елдермен салыстырғанда қоғам бірлігін бұзбай, өркениетті түрде жүргізілуі Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі екендігі сөзсіз», - деп атап өтті.

Академик Ө.Айтбаев атап өткендей, басылымның басты ерекшелігі - Елбасының мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын белгілеу мен одан әрі дамытуға қатысты шешімдері мен сөздері, ой-толғамдары мен ұсыныстары тұңғыш рет жинақталып берілуі.

Сондай-ақ, бұл еңбекке соңғы жиырма жыл ішінде тіл мәселесіне қатысты қабылданған бағдарламалық құжаттар мен нормативтік-құқықтық актілер және де тілші ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің түрлі басқосуларда жасаған баяндамалары, сөйлеген сөздері мен ұсыныс-пікірлері берілген.

Авторлардың айтуынша, «Елбасы және мемлекеттік тіл» басылымы тіл мамандарына қоса, көпшілік қауымның да назарын аударып, қызығушылығын арттырмақ. Жинақтан қазақ тілінің Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет алуға болады.

Жинақтың таралымы 2 мың дана және олардың басым бөлігі кітапханаларға, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына, қазақ тілі орталықтарына тегін таратылатын болады.

«Мемлекеттік тілді дамыту»

Президенттік қорының Баспасөз қызметі

Тел: 8-7172 74-29-92, 74-36-97

0 пікір