Сейсенбі, 20 Тамыз 2019
Аймақ 1255 0 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 11:08

Қазалылық кәсіпкер тың шаруаны қолға алды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында тұңғыш рет жоғары сапалы кафельге арналған клей шығаратын цех іске қосылды,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Аталған ауданға жақын орналасқан Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Алмагүл Төлепова тың шаруаны бастау үшін «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 3,5 млн теңге несие алыпты. Жеке кәсіпкер жобаны жүзеге асыру мақсатында құрал-жабдықтар мен арнаулы аппараттарды Шымкент қаласынан алдырған екен. Жұмысшылар арнайы аппараттың көмегімен әбден тазаланып еленген шеге құм, цемент, мрамор ұнтағы және вексула деген арнайы қоспаны қосу арқылы құрылыста кеңінен пайдаланылатын клейді жасап шығарады. Дайын өнім 25 келілік «Мерей строй» деген атаумен сатылуда.

– Біздің тұрақты тұтынушыларымыз көп болуы үшін өнімнің сапасы жоғары, бағасы тиімді болуы қажет. Бүгінгі күні осы бағытта еңбектеніп жатырмыз. Жергілікті жерде дайындалған өнімнің бағасы базардағыдан әлдеқайда арзан. Бұл істі табысты жүргізетінімізге сенімдіміз. Тек Қазалы өңірін қамтамасыз етіп қоймай, өңірдің өзге аудандарын да қамтысақ деген ойдамыз, - дейді жеке кәсіпкер Алмагүл Төлепова.

Бұл жоба аудан құрылысшылары үшін тиімділігі зор болмақ. Сонымен қатар кәсіпкер жергілікті 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, цех басшысы үйдің сыртын сылауға қажетті сәндік сылақ та (дождик) шығарып жатыр. Айтуынша, жергілікті өнімге аудан көлемінде сұраныс өте жоғары екен.

Abai.kz

0 пікір