Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Аймақ 4213 0 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 11:06

Қызылорда облысында демографиялық ахуалы тұрақты

negative trend

Қазіргі күні Қызылорда облысының халық саны 797,6 мың адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 353,7 мың (44,3%), ауылдықтар – 443,9 мың адамды (55,7%) құрады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Өткен жылдың 1 мамырымен салыстырғанда халық саны 10,9 мың адамға (1,4%) өскен. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылғы қаңтар-сәуіріндегі аймақ халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 158 адамға немесе 3,4% кеміп, 4458 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 16,97 адамды құрады.

Ал қайтыс болғандар саны 1462 адамды құраса, бұл былтырғыға қарағанда 2,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,56 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде облыста 1 жасқа дейінгі 55 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 3,5% азайған. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда – 9,29%. .

Сондай-ақ, 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі көші-қон алмасуы нәтижесінде аймақтан 16798 адам кетіп, 15617 адам келген. 2018 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 40,1%, ал облыстан кеткендер саны 38,0% көбейген.

Сыр еліне алыс-жақын шет елдерден 8 адам қоныстанса, республиканың өзге өңірлерінен 3152 адам келіпті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525