Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3479 0 пікір 29 Маусым, 2011 сағат 09:25

Қазақмыс Гонконг қор биржасына негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырған

Қазақмыс Тобы (Қазақстанның мысы) Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырғандығын жариялап отыр.

«Листинг қосымша эмиссияларсыз және акциялардың сауда-саттығынсыз өткізілген, алайда Топ келешектегі өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен Гонконг қор биржасында жаңадан акциялар шығару мүмкіндігін қарастыруда», - делінген компанияның сәрсенбі күнгі жариялаған хбарламасында.

Қосымша акциялар шығарылымы олардың нарықтық бағамына, және әсіресе компанияның негізгі өркендеу жобалары - Ақтоғай мен Бозшакөл кен орындарының игерілуіне қарай капиталға деген қажеттілікке байланысты болады.

«Қазақмыстың стратегиялық дамуы үшін Гонконгта екінші қайтара өткізілген листингтің маңызы өте зор. Әсіресе, Азия мен Қытай қаржыландыру мен клиенттік база тұрғысынан біздің үлкен қызығушылығымызға ие болып келеді. Листинг компаниямыздың, негізінен аймақтық қаржы орталығындағы имиджін нығайтады әрі аса көпшілік инвесторлар тобына қол жеткізуге мүмкіншілік ұсына отырып, алдағы уақытта біздің бизнесіміздің өркендей түсуіне қолдау болады», - деді өз сөзінде Олег Новачук, Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры.

АСТАНА, 29 мау - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1572
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2267
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3568