Сенбі, 20 Сәуір 2024
Билік 7509 19 пікір 13 Маусым, 2019 сағат 10:44

Президент Жарлығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды тапсырды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде:

1) саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізсін;

2) өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Abai.kz

19 пікір