Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3395 0 пікір 12 Маусым, 2019 сағат 10:53

Азия елдері басшыларының саммиті Душанбеде 14-15 маусымда өтеді

Тәжікстан СІМ мәліметі бойынша, Душанбедегі саммитке Ресей, Қытай, Иран, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Бангладеш және Шри-Ланка президенттері, Ауғанстан үкімет басшысы Абдулла Абдулла қатысады.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Душанбеде өтетін Азиядағы өзара әріптестік және сенім шаралары жөніндегі кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы түрік президентінің кеңсесі дүйсенбі күні хабарлады.

АӘСШК мемлекет басшыларының бесінші саммиті 14-15 маусымда Тәжікстан астанасында өтеді. Халықаралық форум Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Оған 27 мемлекет мүше. Тағы сегіз мемлекет пен бес халықаралық ұйым бақылаушы ретінде тіркелген.

Abai.kz

0 пікір