Жұма, 26 Сәуір 2024
Халықтық репортер 5991 5 пікір 11 Маусым, 2019 сағат 15:59

Нұр-Сұлтанда болған митингінің видеосы жарияланды

Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда болған митингіге қатысты пікір білдірді. ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода 9 маусымда елордада Республика даңғылында болған митинг түсірілген.

ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында болған митингілерді "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) жақтастары ұйымдастырды деп отыр.

Бұған дейін 9-10 маусымдағы митинг кезінде 700 адамның полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. "Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деген еді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, олар әлеуметтік желілер мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарапайым адамдарды шеруге шығарып, тәртіпбұзушылыққа итермеледі. Митинг кезінде ұсталғандар полицияға жеткізілді. Олардың біразы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кейбіреуі түсіндіру жұмыстарынан кейін үйлеріне жіберілген.

Abai.kz

5 пікір