Жұма, 29 Наурыз 2024
2898 1 пікір 10 Маусым, 2019 сағат 19:28

Сайлауға белсене араласатын жастардың қатары артып келеді - «Аманат» платформасы

Бүгін «Аманат» азаматтық платформасы сайлау мониторингі бойынша аралық қорытындысын шығарды. Онда сайлау барысында өткен бұзушылықтар мен жастар белсенділігі туралы да айтылды.

«Сайлау барысында бұзушылықтарға қатысты 165 ауызша ескерту жасалды, оның бәрі дер кезінде жойылды. Қосымша 18 ескерту сол арада түзелген жоқ немесе бұл кемшіліктер елеулі саналып, олар бойынша актілер толтырылған. Сол 18 актінің ішінде 8-і сайлау жәшігіне топтап  бюллетеньдер салуға қатысты болып отыр», - дейді платформа әкімшісі Лима Диас.

Бұл ретте ол сайлаудың Қазақстан үшін ерекше болғанын атап өтті. Мәселен, Президент сайлауы елдің үлкен белсенділігі мен жауапкершілігін арттырып, көптеген азаматтарының нақты ұстаным білдіріп, қадам жасауына әсер еткен.

«Белсенділердің цифрлары да осыны көрсетеді, олар өздері де байқаушы болып өз еріктерімен процеске араласты. Жас белсенділер ортақ құндылықтарды бөлісіп, платформа қызметіне де қатысты. Құрылғанымызға екі ай болғанына қарамастан, біз қатарымызға 16 мыңға жуық адам тарта алдық. Қазақстан бойынша 700-ге жуық үкіметтік емес ұйым атсалысты. Біз тәуелсіз топтар мен қоғамдық ұйымдарға түрткі болдық. Нәтижесінде қазіргі күні «Аманат» барлық облыстарда өзінің штабын ашты», - деді Лима Диас.

Оның айтуынша, платформа бес бағытта жұмыс істейді. Оның бірі әділдік. Осы бағытта тәуелсіз байқаушыларды даярлау да жүзеге аса бастаған. «Біз Қазақстан бойынша ең көп тәуелсіз байқаушыларды даярладық. Сайлау учаскелерін 100 пайыз қамтып, 11 мыңға тарта тәуелсіз байқаушыларды жұмысқа кірістірдік. Бұл біз үшін ғана емес, еліміз үшін де алғашқы тәжірибе. Жеткен жетістікпен тоқтап қала алмаймыз, Байқаушы болуды қалайтын азаматтардың қатары да  артып келе жатыр», - деді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590