Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4516 5 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 14:34

Елбасы Жолдауына сай дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға өседі

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылы бесінші қазанда жолдаған Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін бүгінгіден де жоғарлату керек екенін айтты. Дәл осы Жолдаудың ІІ тармағы "халықтың тұрмыс сапасын арттыру" деп аталады. Ал осы тараудың алтыншы тармағында "Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады" деп айқын атап өткен.

Елбасы өзінің халыққа арнаған осы Жолдауында "Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын" - деген еді. Әрі осы мақсатта келесі жылы бюджеттен арнайы 5 миллиард теңге бөлінетінін айтқан болатын.

Елбасы тапсырмасына сай, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы көзде ұсталған. Міне ұлт көшбасшысының осы анық тапсырмаларына сай биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігі бір қатар нақты шараларды қолға алды. Оның қатарында Жолдауда айтылғандай дәрігерлердің жалақысын көтеру мәселесі де бар.

Жақында ғана Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек,  денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің жалақсы биыл маусымның соңында  30 пайызға дейін жоғарлайтын көрінеді. Бұл еліміздегі аққалатты абзал жандар үшін ғана емес, әр бір тұрғын үшін қуанышты жаңалық. Жалақысы жоғарлаған дәрігерлердің қызмет көрсету сапасы да жоғарлайтыны сөзсіз.

Аталған ақпараттың анық-қанығы мынадай: биылғы жылдың  маусым айының аяғында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкері 30 пайызға жоғарлаған жалақы алады. Басқаша айтқанда медицина саласының 400 мыңға жуық қызметкерінің айлығы аталған көлемде жоғарлайды деген сөз.

Енді осы ақпаратты таратып айтуға тырыссақ, денсаулық сақтау саласындағы барлық қызметкерлерінің жалақысы бірінші маусымнан бастап көтерілді деуге толық негіз бар. Біз бірнеше рет қайталап отырған денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер деген сөз кімдерді қамтиды? Олар: негізгі қызметкерлер – дәрігер, медбике, провизор, психолог, акушер, фельдшер, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер қатарлы мамандар; бұлардан тыс қосымша қызметкерлер де бар. Олар  – іс жүргізуші, хатшы, операторды қамтиды. Ал техникалық қызметкерлерге мыналар жатады:  санитарлар, аула тазалаушы, көлік жүргізуші, қарауыл; Бұлардан тыс тағы әкімшілік қызметкерлер де бар. Олар мыналар – программист, есепші, кадр бойынша инспекторлар; Емзана үшін ең маңызды тұлғалар басқарушы қызметкерлер мен басшылар және олардың орынбасарларын, бас есепшіні қоспай кетуге тағы болмайды. Демек, осы аталған қызмет иелерінің бәрінің жалақысы Елбасы Жолдауына сай жоғарлағалы отыр.

Ал бұл қызметкерлердің өскен жалақысы қайдан төленеді деген заңды сұрақ қойылары сөзсіз. Енді осыған жауап ерейік. Бұл жалақылар «Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына,  азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  № 1193 қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі «SENIM» салалық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы  келісім негізінде жоғары көтеріліп, төленеді деген сөз.

Бұл жерде ерекше айта кетерлігі, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы олардың лауазымына және жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өсетін болады. Бұл дегеніңіз, ұзақ жылдар бойы халықтың денсаулығы үшін тер төккен аққалаттылардың қалтасы басқаларға қарағанда қалыңдай түседі деген сөзі. Бұл өте оң өзгеріс турдыратын болады. Айлығы артқан әр қызметкер халық үшін қалытқысыз қызмет көрсетуге тырысатын болады.

Жоғарыда айтқанымыздай, бұл шара Елбасының 2018 жылы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген  тапсырмасы аясында жүзеге асып жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған осындай игі шараларды қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев та табанды түрде жалғастыруда. Демек, еліміздің экономикасы бұрынғыдай қарқынмен дами түседі деген сөз.

Abai.kz

 

 

5 пікір