Сенбі, 20 Сәуір 2024
3239 0 пікір 7 Маусым, 2019 сағат 14:02

Қырғызстанда терроршыларға жалған төлқұжат дайындайтын топты әшкереледі

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, шетел азаматтарына Қырғызстан төлқұжаттарын дайындаған топ әшкереленді.

Комитет мәліметі бойынша, жалған құжаттарды халықаралық террористік ұйымдар содырларды соғыс ошағына жіберу үшін пайдалануы мүмкін.

2 маусымда "Манас" әуежайында Түркия бағытына ұшуға отырған шетел азаматы ұсталды. Оның жалған төлқұжаты болған. Қылмыстық топты ұйымдастырушы қолға түсті, оның да жалған құжаты бар болып шықты.

Ұсталғандар комитеттің тергеу абақтысына қамалды.

Abai.kz

0 пікір