Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3610 0 пікір 28 Маусым, 2011 сағат 18:04

Т.Қасенов. Қазақтың казактары – Ресейдің әскері

Темiртау қаласындағы жағажайларда суға батудың алдын алу жұмыстарымен казактар айналысып жүр. Казактар құтқарушылармен бiрге демалушыларға қауiпсiздiк ережелерiн түсiндiрiп жүргенге ұқсайды. Қай ұлт өкiлi болса да құтқарушыларға септiгi тиiп, жазатайым оқиға­лардан сақтандандыруға қол ұшын берiп жатса, мейлi дерсiң. Алайда, қызме­тiне бел­сенiп кiрiскен казактар мундир киiп алыпты.

Соңғы кездерi қысылып-қымтырылмастан әскери киiм киген казактарды елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен көресiң. Және олар жай әскери киiм емес, әртүрлi әскери атақтарымен ерекшеленетiн пагон, жеңiнде Ресей Федерациясының мемлекеттiк елтаңбасы - екiбасты бүркiттiң символикасы бар, фуражкiсiнде ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясы армиясының кокарды белгiленген мундир киедi. Әскери атақтарының белгiлерi бар пагондарға қарап-ақ, казактардың құрылымында әскери шен бойынша бөлiну бар екенiне көз жеткiзесiң. Ал, бұл казак ұйымдары әскери құрылымға жататынын айқындайтын бiрден-бiр белгi. Демек, казактар өздерiн шетел мемлекетiнiң әскери құрылымы ретiнде көрсетедi деген сөз. Әйтпесе, пагон, кокард, қанжар, қамшы, өзге де әскери киiмнiң атрибуттары анық белгiленген киiм заңсыз әскери құрылымның белгiсi емей, немене?! Оның үстiне, Қазақстан заңнамасында ел аумағында казактардың әскери құрылымының әрекетiн реттейтiн нормалар жоқ.

90-жылдардың ортасында казак құрылымдары "Казак мәдениетiн сақтау жөнiндегi қоғам" ретiнде тiркелген болатын. Оның өзiнде казактарға пагон мен жеңге тiгiлетiн арнайы жапсырмасы жоқ мундир мен кокард белгiленбеген фу­ражкi киюге ғана рұқсат етiлген. Ал бүгiнде казактар Қазақстан заңнамасына пысқырмайтын болған.

Осы жерде Ресей Федерациясының президентi Б.Ельциннiң "Ресей казачествосын қайта жаңғырту мен дамыту жөнiндегi iс-әрекеттi же­тiлдiру туралы" 2003 жылдың 25 ақпанындағы №249 жарлығы еске түседi. Осы жарлықта казактардың әскери құрылымдары Ресей Федерациясы Қарулы күштерiнiң бөлiмi болып танылған.

РФ Үкiметiнiң 1994 жыл­ғы 22 сәуiрде бекiткен №355 қаулысының "Казачествоға қатысты мемлекеттiк саясаттың негiзгi тұжырымдары" атты 1-бабында казачество мемлекеттiк қызметтiң мынандай түрлерi айқындалған:

-  Ресей Федерациясы Қарулы күштерiндегi қызмет;

-  мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi қызмет;

-  кедендiк қызмет;

-  Ресей iшкi iстер ми­ни­стр­лiгi iшкi әскерлерiнiң жедел бөлiмiндегi қызмет;

-  мемлекеттiк және халықтық-шаруашылық маңызы бар нысандар мен жүк­тердi алып жүру жөнiндегi күзет қызметi;

-  орман және табиғатты қорғау қызметi.

Ресейде казачество қыз­метiн реттейтiн өзге де жарлықтар жетерлiк. 1995 жылдың қаңтарында Ресей президентi жанындағы казак әскерлерiнiң бас басқармасы құрылды. Ол 1998 жылы РФ президентiнiң казачество мәселесi жөнiндегi басқармасына айналды.

Бұдан бөлек бүкiлресей­лiк казактар қоғамының шешiмi бойынша Қазақстандағы казак әскерлерi Ресей казачествосының қатарына енген. Яғни, Оралдағы казак әскерi, Шығыс Қазақстан облысындағы казактар одағы, Солтүстiк Қазақстан, Ақмола мен Қостанай облыстарының казактары кiретiн Сiбiр казактарының әскерi және Алматы мен Шу өңi­рiнiң казактарын бiрiктiретiн Жетiсу казак әскерi Ресей казачествосының қатарында.

Қысқасы, Қазақстандағы казак әскери құрылымдары өздерiн ресейлiк казачествоның бiр бөлiгi ретiнде таниды деген сөз. Оның үстiне, елiмiздегi казактар бұл жайт­ты мойындап қана қоймай, Ресей президентiне қаратып айтқан сөздерiнде де ашық мәлiмдейдi.

Өзiн өзге елдiң әскерi деп танып, Ресейге қызмет ететiн казак құрылымдары ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiредi. Мундирлерiне Ресей Федерациясының нышандары бар белгiлердi тағып алып, қазақ елiнде тайраңдап жүрген казак әскери құрылымдарының әрекетi заң жүзiнде реттелмеген. Сондықтанда, Казактардың Ресейге арқа сүйеген іс-әрекетіне заң жүзiнде шектеу қойылуы тиiс.

Т.Қасенов,

«Ұлт тағдыры -

Ақмола» қоғамдық ұйымының төрағасы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2271
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584