Жұма, 29 Наурыз 2024
Саясат 12956 0 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 15:03

Елбасы Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның қазіргі қызметі және ХХVII сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның тұрақтылықты сақтау және қоғамның бірлігін нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды біріктіретін құрылым. Әр өңірде кіші ассамблеялар жұмыс істеуде, достық үйлері ашылды. Қазір еліміз үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Тұрақтылық болмаса, барлық жетістіктерімізден айырыламыз. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – халықтың бірлігін нығайту үшін қоғамды жұмылдыру, – деді Елбасы.

Ж.Түймебаев этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне бейбітшілік пен келісімді сақтағаны, сондай-ақ ел экономикасын дамыту ісіндегі жетістіктері үшін зор ризашылық білдіретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606