Жұма, 29 Наурыз 2024
6047 1 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 10:24

Мемлекет басшысы: Жамбыл облысының туристік мүмкіндіктерін ашу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Бұл туралы «Абай-ақпарат» хабарлайды. 

Президент қатысқан алқа-қотан жиынға өңірдегі еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жастар да барып, сөз алды.

Қазақстан президенті бір миллионнан аса тұрғыны бар аймақтың экономикалық әлеуеті мен жоспарлы шешілуі тиіс мәселелер туралы айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, өңірдегі орташа жалақы мөлшері - елдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі екен. Ол шамамен 112 мың теңгені құрайды.

«1 маусымнан бастап табысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсті. Өңір кәсіпорындары бұл бастамадан шет қалмауы тиіс. Барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты қызметпен қамту екенін ескертемін. Жұмыс орындарын ашуда бизнестің рөлі жоғары. Сондықтан, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды жалғастыру қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Жамбыл облысының өнеркәсіп саласындағы қарқымы мен инвесторлар тартудағы мүмкіндігі жоғары екендігін айтқан Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласына, соның ішінде, химия кластеріне инвесторлар тартуды жергілікті басшыларға міндеттеді. Сондай-ақ, өңірдегі өндіріс саласының негізгі локомотиві болып отырған  «Тараз» химиялық паркін» экономикалық аймаққа айналдыру қажеттілігі туралы бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аймақтағы тағы бір даму перспективасы бар сала - ол Ауылшаруашылығы секторы. Облыста қант қызылшасы, жеміс және көкөніс дақылдарының көлемін көбейтуге мүмкіндік бар. Ол үшін жергілікті шаруалар мен әкімдің тығыз байланыста болуы міндет.

«Келер жылдан бастап шетелден әкелінетін құрғақ қантқа импорттық баж салығын салу туралы шешім қабылдадық. Осыған орай, облыс әкіміне қант қызылшасы мен жеміс-көкөніс дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыруды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жамбыл облысында ежелгі қалалардың бірі көкне Тараз орналасқан. Аймақтың табиғи ландшафты, тарихи орындары шетелдік туристердің қызығушылығын туғызарлықтай жағдай жасалуы керек. Өңірде ішкі және сыртқы туризмді дамытудың потенциалы бар екенін айтқан Мемлекет басшысы:

«Жамбыл облысы тарихи көрнекті орындарға өте бай. Өңірдегі Айша Бибі және Қарахан кесенелері, Жайсаң киелі жері, Көксай шатқалы және басқа да тарихи орындар – халқымыз үшін ортақ мәдени құндылықтар. Үкімет пен әкімдік бұл саланы бірлесе дамытуға күш салуы керек. Оған облыстың ресурстары жеткілікті», – деді.

Сондай-ақ, алқа-қотан жиында өңірдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес, моно-қалалардың келешегі, жастар кәсіпкерлігін дамыту, жұмыс күшін арттыру, елді-мекендерді көркейту секілді бірқатар мәселелер талқы болды.

Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер мен кәсіпкерлер болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593