Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
46 - сөз 4290 10 пікір 3 Маусым, 2019 сағат 10:19

Бұл - совет өкіметінің қазаққа істеген тағы бір зұлымдығы

"Әл-Жазира" телеарнасы Семей полигоны туралы деректі фильм көрсетті. Шамасы қайталау сияқты. Қанша қайталаса да көрерменді толғандырмай қоймайды. Мәселе онда да емес.

Маңызды жері - бір жарым миллион адам зардап шеккені. "Радиациядан пайда болған аурудың көбі тұқым қуалайды" деді дәрігерлер. Демек фильмде айтылған сан әлі де көбейе бермек.

Бұл - совет өкіметінің қазаққа істеген тағы бір зұлымдығы. Ашаршылық, қуғын-сүргін, полигон... Миллиондаған адам... Тұтас бір елдің тағдыры...

Нұрбек Түсіпханның facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір