Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 4683 5 пікір 31 Мамыр, 2019 сағат 15:33

Мұны қалай геноцид демейсің?!

Қой-жылқыңнан бір тұяқ қалдырмастан, Қызыл Үкімет тартып алған. Қорадағы малды қойшы, қазаныңдағы қайнап тұрған етіңді де алып қойды емес пе? Ашсың! Шиттей бала-шағаң "нан" деп шырылдап жылайды. Жан-далбасалап сыртқа шығасың...

Ал, ауылыңның сыртында мынау суреттегідей, пулеметті қапсыра ұстап, Қызыл армия тұр. Бұларға тапсырма берілген. Біреу-міреу колхозды тастап шықса, Атыңдар,-деген...

«Массовый исход крестьян организован врагами советской власти, контрреволюционерами… запретить всеми возможными средствами массовое передвижение крестьянства Украины и Казахстана в города»
1933 жылы 22 қаңтарда Молотов және Сталиннің осы бір құпия тапсырмасын орындау үшін, хуторлар мен ауылдардың сыртын әскер қоршап тұрды.
Украиндарға қиын болды. Деревня мен деревня арасында жүруге тиым салынды. Шықтың екен, атады! Деревнядағылардың түгелі аштан өліп бітпейінше, қызыл әскер кетпей, тұрып алды. Ал, қазақтың колхоздарын солдаттар қысқа дейін ғана күзетті. Сосын, кетіп қалды. Бірақ, қиян далада малсыз, атсыз қалсаң, қыстың өзі саған ажал қарауылы емес пе?!

Қазақ сонша неге қырыла берген? Балық аулап жеуге шамасы келмеді ме,-деп көкитіндерге!!!
1) Колхоздастыру қыстың қақағын суығында жүрді. Бұл кезде қандай балық? Қандай аңшылық?
2) Қорадағы малыңның түгелі етке деп тартып алынды. Тірерге тұяқ қалдырмады!
3) Аш халықты колхоздан шығармай, әскерилер қоршап тұрды.
4) Қазақтарды қалаларға кіргізбеу үшін Алматы, Ташкент, Қарағанды, қысқасы бүкіл қалалардың сыртында арнайы жасақ тұрды, пулемет ұяшықтары қойылды.
5) Амалын тауып, қалаға кіріп кеткен қазақтарды аңша аулады, улы тамақ беріп өлтірді.

Енді айтшы? Осыдан кейін қалай қырылмайсың? Осыдан кейін, қалай мұны геноцид демейсің?! Бүгін, жұма намазында және Қадір түнінде осы аштан қырылған ата-бабамыз үшін дұға қайырайықшы!

Нұрбек Бекбаудың facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір