Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
2753 0 пікір 1 Сәуір, 2019 сағат 12:38

“7-20-25” бағдарламасын орындауда Астана мен Алматы қалалары көшбастап тұр

Қазір қоғамдағы ең өткір мәселелердің бірі – халықтың баспанамен қамтамасыз етілуі. Міне, нақ осы мәселе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың былтырғы жылғы Қазақстан халқына жасаған үндеуінде егжей-тегжейлі қамтылған.

Еске  сала кететйік, Былтыр наурыз айындағы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты арнайы бағдарламалық мақаланың ең өзекті бағыттарыныың бірі - ол  “әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру” деп аталатын бөлім еді. Дәл осы бөлімнің мазмұны елдегі негізгі әлеуметтік проблема шешуге арналған.

Айта кету керек, соңғы кезеңдерде халықтың баспанамен қамтылуы үшін мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстар аз емес. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын ғана 11,2 миллион шаршы метр баспана ел игілігіне берілген.Қазір де бұл көрсеткіш ұлғаймаса, кеміген жоқ.

Алайда, халықтың әл-ауқатымен қатар саны да өсіп келе жатқанын ескерсек, баспана санын көбейтудің артықтығы болмайды. Өйткені ол әрқашан маңызын жоймайтын әлеуметтік мәселе.

Сондықтан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы - бұл мәселені шешуге негіз болды. Яғни, Президент Үндеуі жарияланған соң, баспана ипотекасының қолжетімділігі арта түсті. Сол арқылы жұмысы бар әрбір адам пәтерді несиеге алып, оның шығынын отбасылық кірісінің шеңберінде төлей алатындай арзан мүмкіндіктер ұсынды. Соның негізінде қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болған “7-20-25” бағдарламасы ұсынылған болатын.

Бұл бағдарлама бойынша, несие өсімі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 процент болмақ. Ал, банктер баспана құнының бастапқы жарнасын 30 пайызға дейін төлеуді міндеттесе, енді аталған бағадарлама негізінде ол пайыз 20 дан аспайды. Сондай-ақ, қарапайым тұрғын несиені бұрынғыдай 10-15 жылға емес, 25 жыл мерзімге дейін ала алады.

Елбасының бұл бастамасы қолға алынса, халықтың тұрғын үймен қамтылуы едәуір жеңіл болмақ. Президент ол үшін Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктерді сондай-ақ қор нарығын да жұмылдыруды тапсырды.

Шын мәнінде, аталмыш жоба еліміздің экономикасына да оң серпін беретіні ақиқат. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің бәсекелі болуын да қамтамасыз етеді.

Жалпы, “7-20-25” бағдарламасы қолға алынғалы бері, еліміздегі серіктес банктер 44,2 миллиард теңге көлемінде ипотекалық несие рәсімдеген. Бағдарламаға қатысушылардың ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының тұрғындары көшбастап тұр. Одан кейін, Маңғыстау, Ақтөбе , Шығыс Қазақстан, Ақмола өңірлері тұр. Ал, берілген несиелердің басым көпшілігі тұрғынүй құрылыс жинақ банкі арқылы мақұлданған.

Айта кетейік, аталмыш бағдарлама бойынша 2018 жылы 37 мыңға жуық адам өзіне тиесілі шаршы метрлерге ие болды. Ал, алынған несиелер бойынша айтар болсақ, 7,7 мың несие Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі, 5,8 мың несие Алматы қаласына  берілген.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысына 3,7 мың несие рәсімделген. Аталған 37 мың несиеден бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін 42 пайыз бөлінген. Ал, 52 пайызы екінші нарықта берілген.

Сонымен қатар, қазіргі таңда әр өңірде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы бастамасы негізінде бірнеше құрылыс нысандары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, халық та баспаналы болуға деген сенім күшейді. Алдағы уақытта да осы қарқын жалғаса берсе,  еліміздің экономикасы мен әлеуеті бұдан да зор табыстарға жететініне сенім мол.

Ол сенімді нығайту үшін Елбасымыздың осы бастамаларын жұмылған жұдырықтай қолдап, өңір басшылары оның әрі қарай іске асуына мұрындық болу қажет. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Мұны билік өкілдері де түсініп отыр деп сенеміз.

Abai.kz

0 пікір