Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 3335 1 пікір 20 Мамыр, 2019 сағат 16:17

Қызылордада 150 көпбалалы отбасы баспаналы болады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев көпбалалы отбасылардың баспана мәселесін шешу үшін 150 отбасына баспана салып беруді бастады, -деп хабарлайды Абай-ақпарат. «Баламекен» жобасының аясында ұйымдастырылып отырған бұл әлеуметтік шара Болат Өтемұратовтың жеке қорымен бірлесе қолға алынған. 

Бүгінде «Бәйтерек» шағын ауданын­да баспана құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл құрылысты «Авангард» ЖШС жүргізуде. Бригадирлердің айтуынша, мұнда әр құрылыс компаниясына үш үйден бөлінген. Қазір құрылыс нысанында 20 адам жұмыс істеп жатыр. Жоспарға сәйкес, баспана құрылысы осы айдың аяғында толық аяқаталады.

Тағы бір баспана құрылысын жүргізіп отырған  – «Астана сервис» ЖШС. Қазір, бұл алаңда 70 адам жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына Қызылорда өңіріне жақсы таныс  «Абу-Сер» ЖШС мекемесі де қарқынды үлес қосып жатыр. Бұл мекеме қазірдің өзінде 4 үйдің құрылысын жүргізіп жатқан көрінеді. Сөйтіп, бұл аумақта 25 адам еңбек етіп жатыр.

Тағы бір жақсы жаңалық, салынып біткен әр үйдің алдында 6 сотық бау-бақшаға арналған жерлер бар.

Осылайша Сыр өңірі Елбасы тапсырмасын үлкен қарқынмен орындауда.

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3549