Сенбі, 20 Сәуір 2024
Аймақ 5570 1 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 18:31

Қырымбек Көшербаев жаңадан ашылған бірқатар нысандарды аралады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Жалағаш ауданына жұмыс сапары барысында аудандағы бірқатар жаңадан ашылған нысандарды аралады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Облыс әкімі Жалағаш ауданына барған сапарында 2019 жылдың 1 мамырында тұсауы кесілген "Jibek" қонақ үй кешенінде болды. Екі қабатты "Jibek" қонақ үйінде 4 кеңсе, 50 адамға арналған асхана бар. Қонақ үйдің 3 люкс және 4 эконом санатындағы бөлмелері алғашқы қонақтарын қабылдай бастаған. Қазірдің өзінде жаңадан ашылған қонақ үйде 5 адам жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, осы сапар аясында облыс әкімі өткен жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылдың 1 мамырында аяқталған "Таң ЛТД" ЖШС ет цехын аралап көрді. Бұл ЖШС бүгінде әр тәулік сайын 1000 дана консервіленген ет өнімдерін шығарып, 14 адамды жұмыспен қамтамассыз етіп отыр. Цех ғимаратында ірі қара малды сою бөлмесі, мұздатқыш, ет кесу және бумалау бөлмесі бар. Сондай-ақ, мұнда ветеринар, технолог және 2 зертханашы жұмыс істейді.

Аймақ басшысы 2017 жылы ашылған 24 адамды жұмыспен қамтып отырған "Өркен Әлем" ЖШС арнайы киім тігу цехында да болды. Аталмыш цех бронды кеудеше мен арнайы киімдер тігеді. Цехтың жылдық қуаты –7000 данаға дейін бронды кеудеше тігеді.

Естеріңізге саламыз, 2018 жылы Қызылорда облысы әкімдігі, мәслихат, "Нұр Отан" партиясы филиалы, қоғамдық кеңес және кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018-2020 жж. Өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» ретінде жарияланған болатын. Облыс басшысы осы сапары барысында сол "үш жылдықтың" Жалағаш ауданында атқарылу барысын да пысықтап қайтты.

Дәурен Сейітжанұлы

Abai.kz

1 пікір