Жұма, 19 Сәуір 2024
5903 0 пікір 30 Сәуір, 2019 сағат 15:44

Бішкекте Қырғыз-қазақ жас депутаттарының алғашқы форумы өтіп жатыр

Бішкекте 29-30 сәуір аралығында Қырғыз-қазақ жас депутаттарының алғашқы форумы өтіп жатыр.

Шара Астана дипломатиялық клубтың қолдауымен өтіп жатыр. Оған Қазақстанның ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің, Қазақстанның жас депутаттары қауымдастығының өкілдері мен екі елдің жергілікті депутаттары, кәсіпкерлері қатысып жатыр.

Қатысушылар көтерген басты тақырып - Қырғызстан мен Қазақстандағы өзін өзі басқару моделі: көрші елдердің тиімді тәжірибелері.

Астана дипломатиялық клубтың президенті Қайырболат Сахметов мұндай форум елдің қарым-қатынасы тарихында бірінші рет өтіп жатқанын атап өтті.

“Форумның мақсаты – бауырлас көрші елдердің саяси қарым-қатынасын нығайту. Болашақта мұндай кездесулерді жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай пікірлесу алаңдары болашақта Орталық Азиядағы өзекті мәселелерді қозғайтынына сенемін”- деді ол.

Форум қорытындысы бойынша "Жол картасын" құрмақ. Қайырболат Сахметов қазақстандық депутаттар Қырғызстанның өзін өзі басқару тәжірибесіне қызығып отырғанын жеткізді. Сонымен бірге "Қазақстан - Қырғызстан" достық қауымдастығын құру жоспарланған екен.

Abai.kz

0 пікір